Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Денсаулық сақтау саласын цифрландырудың артықшылығы неде?

Денсаулық сақтау саласын цифрландырудың артықшылығы неде?

Денсаулық сақтау саласын цифрландырудың артықшылығы неде?

"Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру және автоматтандыру жүйесі қарастырылған. Бұл халыққа көрсетілетін медициналық қызмет деңгейінің жоғарлауына әсер етеді. Осы бағытта денсаулық сақтау министрлігі белсенді әрі жоспарлы жұмыс атқаруда. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында аталған жаңа жүйелердің артықшылығын түсіндірді. Министр ең алдымен цифрландырудың медициналық қызметтің сапасын арттыруға және жұртты дәрі-дәрмекпен қамтуға әсері жайлы айтты.

Бүгінгі таңда электронды денсаулық төлқұжатына көшу, науқастардың дәрігер кеңесіне онлайн-жазылу, рецептті онлайн түрде алу сияқты бағыттарда жұмыстар атқарылуда. Осының нәтижесінде науқастар ақшасы мен уақытын үнемдесе, медициналық ұйымдардың шығыны азая түскен. 

- Цифрландыру денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын оңтайландыруға көп көмегін тигізеді. Бүгінде цифрландырудың арқасында медициналық қағаз құжаттарды сатып алуға кететін шығын 315,4 миллион теңгеге үнемделген. Флюорография, рентген, маммографияға пайдаланылатын материалдарға жұмсалатын қаражат 224,7 млн теңге қысқарды. Электронды жүйе арқылы тіркелудің нәтижесінде емханаға келушілердің саны 8%, кезекте тұрушылардың саны 30%-ға азайған. Сондай-ақ пациенттердің қызмет алу уақыты 50%-ға қысқарса, электронды жүйелердің арқасында зертханалық зерттеулердің қорытындысын алу мерзімі 1,7 есеге азайды.

Қызметтерді  автоматтандыру нәтижесінде медициналық мекемелер қағазбастылықтан айырылып, медициналық құжаттардың саны 281-ден 154-ке дейін азая түсті.

Министерліктің маңызды жобасының бірі - пациенттерге жеке медициналық жазбаларды электронды форматта беру. Осыған байланысты бүгінгі таңда eGov порталының барлық қолданушыларына "eGov порталында дербес медициналық жазбалар ұсыну" қызметі қолжетімді.

Бұл жүйеде мына медициналық деректер қамтылған:

- емханаға бекіту;

- учаскелік дәрігер;

- диспансерлік есепке алу;

- рецептер;

- жоспарлы емдеуге жатқызу;

- емдеуге жатқызу.

Мұнымен қатар, жаңа технологиялар қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласына да енгізілуде. ТМККК шеңберінде тегін дәрілік заттар (ДЗ) туралы SMS-хабарлама  іске қосылып, осының арқасында дәрі-дәрмекті жазу барысында сыбайлас жемқорлықтықтың алдын алу мүмкіндігі пайда болды. Бүгінде 1 миллион 57 мың 469 адамға тегін дәрілік заттар туралы SMS-хабарлама жіберілген. 

Осы шаралардың нәтижесінде дәрі-дәрмекпен қамту саласындағы кемшіліктер бірте-бірте шешіліп жатыр. Министр 2018 жылы aмбулaторлық eмдеу aясында дәрі-дәрмeкті aлмаған жәнe қажeтті прeпарaттармен тoлық қaмтылмағaндардың болғанын айтты. Алдағы уақытта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін 2018-2019 жылдарға тегін дәрі-дәрмекті эдектронды есебі іске қосылып, дәріні алғаны туралы SMS-жіберілім таратылатын болады. Сондай-ақ жоспарлау процесі автоматтандырылып, 1439 бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды. Жалған дәрілерді анықтау және күресу мақсатында қамталарды қадағалау жүйесі енгізіледі.

Бұған қоса халықты дәрі-дәрмекпен қамту сапасын көтеру үшін ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен 2019 жылдың шілде айынан бастап барлық дәрі-дәрмектің шектік бағасы бекітілді. Яғни дәріханалар дәрілерді шектік бағадан артық сата алмайды. Мысалы, елімізде сұранысқа ие дәрілердің бірі Кардиомагнилдің шектік бағасы 1297,73 теңгені құрайды. Ал оның орташа бағасы - 868 тг, ең арзаны - 600 теңгені құраған болатын.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бастап балаларға тағайындалатын дәрілердің барлығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында тегін таратылатын болады"Болашақта қоғамның әлеуметтік әлжуаз топтарының тізімін біртіндеп кеңейтіп, барлығын тегін дәрімен қамтамасыз етеміз. Олардың бәрі мемлекет қаражатына сақтандырылғанын бәріңіз білесіздер. Дәрігерлер емдеу барысында медициналық сақтандару аясында дәрілерді тағайында әлемде бар тәжірибе", - деген болатын ҚР денсаулық министрі өз сөзінде.

Барлық шаралар іске асырылғаннан соң медициналық мекемелер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізуге дайын болуға мүмкіндік береді. 

- Бүгінгі таңда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін цифрландыру үшін барлық қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. МӘМС пакетін енгізу мен ТМККК жаңа моделі бойынша жұмыс істеу үшін цифрлы инфрақұрылымның құрылғанын және дайын екенін айтуға болады. Бұл кезектер мен қалта шығынының азаятынын және медициналық көмек сапасының көтерілетінін білдіреді, - деді Елжан Біртанов. 

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: Коллаж © Massaget, Freepik
Қосылған күні: 25 шілде, 20:26

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.