Қай облыстарда ана өлімі жиі болады?

Қай облыстарда ана өлімі жиі болады?
Фото: BNews.kz

Қазақстанның қай облыстарында ана өлімі жиі болады? Сұрақтың жауабын ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаев министрлік алқасының отырысында айтты.

2019 жылдың алғашқы жартыжылдық көрсеткіштері бойынша, ана өлімін азайту жоспарын Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстары орындай алмады. Одан бөлек, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстарында да ана өлімі оқиғалары көп тіркелген.

2019 жылдың алғашқы 6 айының көрсеткіштеріне сараптама жасай отырып, вице-министр ана өлімін азайтуға арналған жедел жоспарды жүзеге асыру барысын таныстырды.

"Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жедел медициналық жәрдемді орталықтандыру жұмысы аяқталды. Аймақтандыруды жақсарту бойынша Жамбыл, Түркістан, ШҚО және СҚО-да жұмыстар атқарылды. Медициналық құрылғымен жабдықтау көлемі 81% дейін артты», - деді Ләззат Ақтаева.

Вице-министрдің хабарлауынша, жоғарыда аталған 6 өңірдің төмен нәтиже көрсетуіне акушер-гинекологтардың тапшылығы әсер еткен.

А. Қажиев