"Денсаулық бағдарламасы": Елжан Біртанов медициналық көмектің негізгі бағыттарын атады

"Денсаулық бағдарламасы": Елжан Біртанов медициналық көмектің негізгі бағыттарын атады
Фото: freepik.com

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2019 жылдың І жартыжылдығының қорытынды басқосуында денсаулық сақтау жүйесіне қатысты тапсырмалар беріп, халыққа сапалы қызмет көрсету мен дәрігерлердің біліктілігін көтеруді басты мақсат деп атады. Сондай-ақ күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қарастырылды.

Атап айтқанда,  денсаулық сақтауы дамыту Республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының жұмысы (2019 жылдың І жартыжылдығы) жайлы айтып берді. Оның айтуынша, 2019 жылы мемлекеттік бағдарламаның негізгі 7 бағыты бойынша 94 іс-шара жоспарланған. ДСДРО бақылауына сәйкес, 2019 жылдың алғашқы 6 айында 21 іс-шара өткен. Ал 62 шара жоспар бойынша келеді. Тек 11-і өтпей қалуы мүмкін.

"Бірінші тапсырмадағы 14 көрсеткіш бойынша бақылау жүргізілуде, оның ішінде "15-17 жас аралығындағы балалардың арасындағы өзіне қол жұмасу деңгейі" ерекше назарға алынған. 5 айдың ішінде 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің арасында 43 өзіне қол жұмсау фактісі тіркелген", - деді ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова.

Сонымен қатар, Бастапқы медициналық-санитарлық көмектің негізгі бағыттарын дамыту және жаңғырту негізінде барлық медициналық қызметтерді халықтың қажеттіктеріне интеграциялау аясында 2019 жылдың І жартыжылында ана өлімін, сәби және балалар өлімін азайту бойынша жоспарлар қабылдап, көлікті медицинаны дамыту бойынша шаралар қабылданды: 4 миллионнан астам адамға жедел медициналық көмек көрсетілді. Осы уақыт аралығында 1 285 санавиациялық ұшақ әуеге көтеріліп, 1 555 науқасқа көмек көрсетілді. "Медициналық поезд" бағдарламасы аясында көмек көрсетілген адамдардың саны 7 мыңға, оның ішінде балалар саны 1 465-ке жетті.

Амбулаториялық-емханалық көмекке қол жетімділікті жақсарту бойынша шаралар өтіп жатыр:

- БМСК шараларының жоспары бекітілді;

- БМСК деңгейінде динамикалық бақылауға жататын 25 нозологияның тізімі қабылданды;

- 569 жаңа ЖПД аумақтары құрылды.

Алғашқы жартыжылдықта Маңғыстау және Қостанай облыстарында 8 көрсеткіш, ал Шымкент және Атырау облыстарында 8 көрсеткіш іске аспаған.

Бұған қоса ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі Ләззат Ақтаева бірнеше жоспардың орындалуы бойынша ақпарат берді:

- 2019-2020 жылдары ҚР-дағы БМСК дамыту бойынша іс-шаралар жоспары;

- 2019 жылы елімізде ана өлімін азайту бойынша оперативті жоспар;

- 2019-2020 жылдары сәби және бала өлімі санын азайту бойынша іс-шаралар жоспары.

Вице-министр БСМК дамыту барысында кездесетін проблемаларды да атап өтті. Бұл БСМК қызметкерлері жұмысының ауырлығы, мамандар тапшылығы, олардың біліктілігінің төмендігі, көрсетілетін қызметтің төмен деңгейі және халықтың БСМК қызметіне көңілінің толмауы. Дегенмен есепті кезең аралығында БСМК қызметкеріне жүктемені азайту, мамандар тапшылығын жою және БСМК қызметкерлерінің жалақасын 30%-ке көбейту бойынша бірқатар жұмыс атқарылды. Сондай-ақ ана өлімі жоғары және жүкті әйелдерге, босанған және босанатын әйелдерге медициналық көмек көрсетудегі ақау жоғары аймақтарға Алматы (4 оқиға), Қарағанды (3 оқиға) және Шығыс Қазақстан облыстары (2 оқиға) жататынын айтты.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев өңірлердегі медицина қызметкерлерін кадрлық қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау шаралары мен денсаулық сақтауды цифрландыру туралы екі баяндама жасады. Ал вице-министр Надыров Камалжан денсаулық сақтау саласына тартылған инвестициялар, 2018 жылы сатып алынған және 2019 жылы сатып алынатын дәрі-дәрмектердің қорытындысы және ҚР-да 2018-2022 жылдарға арналған қатерлі ісікпен күрес жөніндегі кешенді жоспардың орындалу барысы туралы баяндама жасады.

Денсаулық сақтау саласына тартылған инвестициялар бойынша дәл қазір елімізде денсаулық сақтаудың 860 нысаны халыққа медициналық қызмет көрсетеді, оның ішінде 640 аурухана (0,8%) және 7520 амбулаторлы емханалар (92%). Ғимараттардың саны 10 мыңнан асса, оның 56% орташа тозған. Денсаулық сақтау ұйымдарында 455 мың медициналық техника бар. Елімізде медициналық ұйымдардағы жабдықтармен қамтамасыз етілу пайызы 73-ті құраса, оның тең жартысынан астамы тозған. Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті әкімдіктермен денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымды дамыту бойынша ұзақ мерзімді жоспарларын жүзеге асыруды бастады. Осы жоспар бойынша биыл 2 негізгі тапсырма бектілген: денсаулық сақтау ұйымдарының желілік конфигурациясын өзгерту; инвестициялық жоспарды тиімді іске асыру.

238 денсаулық сақтау нысанының құрылысына және жалпы инвестициясы 800 миллиард теңгеден асатын қымбат жабдықтармен қамтамасыз етуге жеке инвестициялар тарту бойынша жұмыстар жалғаса береді. Сонымен қатар бұл соманың 90%-інен астамы немесе 773 миллиард теңге 15 ірі көп салалы кластерлердің құрылысына келеді.

Сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы реформалар мен мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі отырыста 2019 жылдың соңына дейін міндеттер белгіленді. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды толық іске қосу және денсаулық сақтау жүйесіне цифрландыруды енгізу. 

А. Рысдәулет