Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Пісте адам ағзасына қалай әсер етеді?

Пісте адам ағзасына қалай әсер етеді?

Пісте адам ағзасына қалай әсер етеді?

Пісте шақпайтын адам аз шығар. Пісте сұхбаттасудан, уақытты қысқартудан бөлек колорияға бай өсімдік. Пістедегі калий апельсин мен бананға қарағанда 5 есеге көп. Енді пістенің адам ағзасына қалай әсер ететінін талдап көрейік.

Жүрек-қан тамыр жүйесін реттейді

Бар-жоғы 50 грамм пісте ағзаның күшті антиоксиданты – Е дәруменінің күндік қажеттігін қанағаттандырады. Е дәрумені атеросклероз дамуының алдын алады, жүрек бұлшықеттерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге жүрек пен тамырларға өте қажет магнийға өте бай.

©Depositphotos

Сонымен пісте жүрек пен тамырларға пайдалы азық екен. Егер оны күніне 100 грамм мөлшерінде пайдаланатын болсаңыз тек атеросклероз ғана емес, миокард инфарктысының да алдын аласыз.

©Depositphotos

Пісте асқазандағы қыжылды басады

Егер сізде тамақтан соң асқазан қыжылы жиі қайталатын болса пісте таптырмайтын ем.

Жастық пен сұлулықты сақтайды

Күнбағыс тұқымы дәруменді комплекс пен биоөнімдерден кем емес. Құрамында: А, Е, D және В дәрумендері бар. Сол үшін де оны косметологияда жиі пайдаланады. Ол қартаюдың алдын алады. Көру қабілетін арттырып, тері, шаш пен тырнақтарға жақсы әсер етеді. Ал жасөспірімдерге безеуді жою үшін шекілдеуіктің көмегі зор.

©Depositphotos

Жүйке жүйесін тыныштандырады

Пісте шағу кезеңін медитациямен салыстыруға болады: ол жүйке жүйесін тыныштандырады, шешімін таппай жатқан мәселелерді ұмыттырады, депрессиядан арылтады, ұйқысыздықтан құтқарады. Пісте шағу темекіге деген тәуелділікті азайтады.

©Depositphotos

Қуаттылығы

100 грам пістеде 600 ккал бар. Бір жағынан ол құрамындағы магнийдің көптігіне байланысты қуатты тез қалпына келтіруге, ауыр атлетикаман айналысқан кезде бұлшықет массасын қатайтуға және өсіруге таптырмайтын қуат "бомбасы". Екінші жағынан фильмнің қызығына беріліп 300 грамм пісте шағу – адамның бір күндік калориясының нормасымен тең саналады. Сондықтан 300 грамм пісте шағуды жиі қайталау адамның семіруіне себеп болады.

Пістенің зияны

Кез келген өнімнің пайдалы жағымен қатар зиянды жағының болуы да заңды. Мысалы, пістені асқазан жарасы, энтероколит, подагра сынды сырқатқа шалынған адамдар үшін тұтынуға болмайды. Өт жолы ауыратын адамдар үшін де пісте шағу зиян болып саналады. Пістені қарт адамдар мен буын ауруымен ауыратын адамдар шақпауы керек.

©Depositphotos

Сақ болыңыз: Кадмий

Күнбағыс тұқымының зияны – өсімдікке топырақ, ауа мен судан сіңетін кадмийдің жоғарлылығы. Кадмий адам ағзасына кері әсер ететін элемент. Ол бүйрек ауруларын туындатады.

Тіске зияны

Егер пістені жиі шағатын болсаңыз тіс эмалы бұзылады. Әдетте бұдан күрек тістер қатты зардап шегеді.

Соқыр ішек

"Пістені күнделікті тұтыну соқыр ішекке алып келеді" дейтіндер бар. Дәрігерлердің айтуынша, пістені қабығымен бірге жегенде ғана ол асқазан мен ішек жолдарын ластап нәтижесінде адам соқыр ішекпен ауруы мүмкін екен.

© ScPaRadox1 / pikabu  

Пістеге тәуелділік

Медицина тұрғысынан пістеге деген тәуелділік диагнозы жоқ. Бірақ пісте шағу әдетке айналуы мүмкін. Ешқандай пістеге тіуелділік деген ауру тіркелмеген.

Не істеу керек: пісте шағу керек пе, шақпау керек пе?

Құрамындағы дәрумендер, аминокислота, макро- және микроэлементтер байлығын есепке алсақ ол ағзаға пайдалы. Бірақ құрамындағы кадмийді ескере отырып оны көп мөлшерде тұтынбау керек. Күніне 50-150 грамм немесе аптасына екі реттен артық пісте шақпау керек. Ең пайдалы дәрумендердің көптігі де ағзаға зиян келтіреді. Дұрысы қуырылған емес шикі пісте ағзаға пайдалы, ал тұзды пістеден мүлдем бас тарту керек.

Ал сіз пістені қаншалықты көп тұтынасыз?

0
Рейтинг: +2

Фото: cookrook.ru
Қосылған күні: 04 шілде, 15:12

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.