Медицина саласының үздіктері марапатталды

Медицина саласының үздіктері марапатталды
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Медицина қызметкерлері күні аясында өткен салтанатты шарада шарада үздік қызметкерлер марапатталды.

Салтанатты шараға қатысқан Денсаулық сақтау министрлінің жауапты хатшысы Болат Төкежанов өз сөзінде елбасының 2050 Стратегиясындағы негізгі мақсаттарға жету жолында және 30 дамыған елдің қатарына қосылу үшін жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын айтып, медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Стратегияның басты міндетінің бірі - заманауи, қолжетімді және жаңа технология енгізілген медицинаны дамыту. Алдағы уақытта медицина саласындағы жалпы шығыны ІЖӨ 5% дейін өседі деп күтілуде. Қазірдің өзінде елімізде экономика мен әлеуметтік пргресстің басты факторы саналатын денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. 

Адам денсаулығы – экономиканың іргетасы болса, денсаулық сақтау жүйесі – экономиканың маңызды саласы және халықтың әлеуметтік жағдайының индикаторы. Осы себепті елімізде соңғы уақытта заманауи ауруханалардың іргетасы тұрғызылып, қолжетімді мединица қалыптасуда.

Биыл мәресіне жеткен "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау саласындағы жағдай тұрақталып, халықтың негізгі медициналық-демографикалық көрсеткіші жақсара түсті. 

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өткен "Денсаулық сақтау жүйесінің үздіктер" атты республикалық байқау мына номинациялар бойынша өтті:

"Үздік дәрігер" – павлодарлық онколог-хирург Тельман Әлғожин;

"Үздік ауыл дәрігері" – Жамбыл облысы Қордай аудандық орталық ауруханасының дәрігері, акушер-гинеколог Шынар Өсербаева;

"Үздік медбике" – Ақмола облысындағы көпбейінді облыстық аурухананың медбикесі Оксана Ситнер;

"Үздік фельдшер" – Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем қызметінің 3-бөлімінің фельдшері Дариға Қанетова;

"Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін үздік дәрігер" – Ақтөбе қаласындағы "Отбасылық медицина орталығының" дәрігері Гүлайна Ізімова;

"Үздік санитарлық-эпидемиологиялық дәрігер" – Алматы облысы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті Іле аудандық басқармасының маманы Бағила Әбеуова;

"Үздік қоғамдық денсаулық сақтау маманы" – қызылордалық маман Әсел Қадырәлиева;

"Денсаулық сақтаудағы үздік менеджер-ұйымдастырушы" – Павлодар қаласы №3 емханасының бас дәрігері Қайырлы Қабылов;

"Медициналық ЖОО үздік оқытушысы" – "Ұлттық медициналық университет" АҚ Фармация экономикасы, ұйымдастыру және басқару кафедрасының меңгерушісі Қайрат Жақыпбеков;

"Медициналық колледждің үздік оқытушысы" – Қостанай жоғары медициналық колледжінің оқытушысы Светлана Шулейко;

"Денсаулық сақтау саласындағы үздік жас зерттеуші" – "Семей медициналық университеті" АҚ деканы Аян Мысаев;

"Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым" – Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің директоры Дмитрий Бабенко;  

"Үздік санитарлық-эпидемологиялық сараптама маманы" – ҚР ДСМ Ғылыми-практикалық санитарлық-эпидемологиялық сараптама орталығы филиалының зертхана меңгерушісі Гауһар Нүсіпбаева;

"Үздік тәуелсіз сарапшы" – Қарағанды облыстық онкологиялық диспансерінің онколог-дәрігері Татьяна Хайтиди.

Әр номинацияда үздік аталғандар салтанатты шарада диплом мен естелікке сыйлықтар алды. Жеңімпаздарды кештің қадірлі қонағы болған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері марапаттады. 

А. Рысдәулет