"Өмір желісі" өміріңізді сақтайды

"Өмір желісі" өміріңізді сақтайды
Фото: Өмір желісі сайтынан алынды

Өмір болған соң әр түрлі оқыс оқиғалар да орын алып жатады. Аяқ астынан ауырып қалуыңыз немесе ұры-қары шабуылына ұшырауыңыз да мүмкін. Кейде айналамыздан көмек беретін адам таппай қалуымыз да ғажап емес. Міне, осындай оқыс оқиғалар мен қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында "Өмір желісі" атты қоғамдық қор құрылған. Қордың миссиясы – Қазақстан азаматтарына қамқорлық пен көмек көрсету, өмірі мен денсаулығын сақтау. Төтенше жағдайларда қазіргі заманғы технологиялар негізінде әлеуметтік қолдау көрсету.

"Өмір желісі" – бұл жеке "SOS" дабыл батырмасы бар медициниалық көмек. Бұл құрылғы арнайы "SOS" дабыл батырмасы бар мобильді телефон, алқа және ақылды сағаттар арқылы жұмыс істейді. Бұл жүйе алдымен көмекке зәру, бірақ ешкімді шақыра алмайтын, телефон нөмірін тере алмайтындар үшін құрылған. Мұндай оқыс жағдайлар жиі орын алып тұрады. Мысалы, адам көшеде келе жатып кенеттен құлап қалуы немесе инсульт, инфаркт алуы мүмкін. Кейбір адамдар адасып кетіп мекен жайын ұмытып қалуы да өмірімізде орын алып жататын оқиға.

"Өмір желісімен" көмекке мұқтаж адам оқыс жағдайларда бір-ақ батырма арқылы төтенше жағдайлар қызметімен немесе туыстарымен байланыса алады. 

"Өмір желісі" қалай жұмыс істейді?

Егер сіз оқыс жағдайға ұшырап қалсаңыз, "Өмір желесін" пайдаланыңыз. Ол үшін "SOS" батырмасын 3 секунд басып тұрсаңыз дабыл ойнайды да, "Өмір желісінің" орталығының операторы сізбен байланысқа шығады. Оператор жағдайды анықтап, қажетті жерге қоңырау шалады немесе жедел жәрдем шақырады.

Мысалы, біз қарт ата-анамыздың қасында 24 сағат бойы бола алмаймыз. Ал қарт адамдарға көмек қашан да қажет. "Өмір желісі" осындай кісілер үшін де таптырмайтын құрал.

Әрбір ата-ана баласының қауіпсіздігі үшін алаңдайды. Балалар өскен сайын еркіндік пен тәуелсіздікті, оңаша қалғанды ұната бастайды. Бұл заңды құбылыс. Бірақ ата-ана қашан да баласы үшін алаңдаулы. Ал "Өмір желісі" ата-аналарға балаларымен болатын оқыс жағдайлардың алдын алуға тырысады.

Ата-ана мен бала арасындағы қиындықтардың, оларды қараусыз қалдырудың бірі: мектепке барар немесе мектептен қайтар жол және түрлі үйірмелерге баланың баруы. Міне, осындай кезде балалар үлкендер тарапынан зорлық-зомбылықа, бұзақылардың шабылуына ұшырауы немесе қарапайым ғана адасып кетуі мүмкін. Мұндай төтенше жағдайда қорыққанынан олар өздігінен әрекет ете алмайды, көмек қолына мұқтаж болады.

Тіпті бала ата-анаға қоңырау шалу мүмкіндігіне ие болса да, әдетте ата-аналар баланың төтенше жағдайда екендігін естіп дүрбелең тудырады да, оған тиімді көмек көрсете алмайды, керісінше баланы шошытады. Ал бала SOS түймесін басса "Өмір желісі" орталығының қызметкерлері онымен байланысып, қажетті көмек көрсетеді немесе қажет болған жағдайда төтенше қызметті шақырады. Ата-аналар "Өмір желісінің" мобильді құрылғысы арқылы баласының қай жерде жүргенін, орналасқан жерін анықтап, бақылап отыра алады.

"Өмір желісі" абоненттерін немен қамтамасыз етеді? 

Абонентті тіркеу кезінде көмек көрсету орталығы деректер базасына абоненттің жеке картасын енгізеді. Онда абонент туралы бірқатар мәліметтер сақталады. Мысалы: туыстарының басқа да мүдделі тұлғалардың (ағасының, көршісінің, емделетін дәрігерінің т.б) деректері енгізіледі. Сондай-ақ денсаулығы туралы деректері: негізгі аурулары, дәріге аллергиясы бар ма жоқа па, емделген аурулары туралы мәліметтер де абоненттің жеке картасында сақталады. Егер оқыс жағдайға ұшырап, абонент "Өмір желісі" SOS батырмасын пайдаланған кезде, онымен байланысушы операторға аталған мәліметтердің барлығы көрініп тұрады. 

Егер абонент "SOS" батырмасын басып бірақ өзі сөйлей алмаса немесе сөйлемесе оператор алгоритм бойынша әрекет етеді. Абоненттің жеке картасынан оның аурулар тарихын қарап шығады да, туыстарына және басқа мүдделі тұлғаларға хабарлайды. Қажетті көмекті және жедел жәрдемді шақырады. Абоненттің  тұрған жерін анықтайды. 

"Өмір желісі" "SOS" дабыл батырмасы отбасылық жылылықты, қарым-қатынасты сақтайды, жанұя мүшелерінің амандығын қамтамасыз етеді. "Өмір желісінің" басты мақсаты – адамдардың өмірін ұзартуға, олардың бақытты да ұзақ өмір сүруіне, салауатты өмір салтын ұстануына қызмет етеді. Адамдарды оқыс оқиғалардан сақтайды. 

Жақындарымызға біздің жылы сөздеріміз аздық етіп жатады. Кейде біз олардың жанынан табыла бермейміз.

Мысалы, мына бір оқиғаны алайық: Қарт әжей үйінде байқамай аяғын сындырып алады. Көмек шақырайын десе ұзақ уақыт бойы телефонға жете алмаған. Оның айқайлаған даусын көршілері бірнеше сағаттан кейін ғана естіген. Бұл уақытта балалары жұмыста болып, оқыс оқиғадан хабарсыз қалған. Егер дәл осы жағдай жалғыз тұратын қарттардың үйінде орын алса, жағдай бұдан да қиын болатын еді. Себебі, біз ата-анамыздың қасынан күнде табыла бермейміз немесе оларға күн сайын қоңырау шалмаймыз. 

Әлемдік статистикаға сүйенсек, мұндай жағдайлар жиі қайталанады. Егде жастағылардың 30 пайызы жылына кем дегенде 1 рет оқыс жағдайларға ұшырап тұрады. Қарттармен байланысты оқыс жағдайдың 50 пайызы қарттардың өз үйінде, әсіресе жуыну бөлмесінде орын алады. Қарттардың 80 пайызы байқамай (аяғы тайып, басы айналып т. б) құлағанда олардың қасында ешкім болмайды. Сондықтан оларға тез, жедел көмек көрсетілмейді. 

Жүрек талмасымен, есінен танып немесе оқыс жағдайда құлаған адам телефонға өздігінен барып жедел жәрдем шақыра алмайды, кей жағдайда тіпті мекен жайын да дұрыс түсіндіре алмайды. Міне, осындай төтенше жағдайларда зардап шегушілерге 1 сағат ішінде көмек көрсету керек. Оны "алтын уақыт" деп атайды. Осы уақытта көмек көрсетілгендердің 80 пайызының өмірін сақтап қалуға болады екен. "Өмір желісінің" дабыл батырмасы дәл осы 1 сағат ішінде зардап шегушілерге қасында ешкім жоқ болса да көмек қолын созады.

Серіктес мақаласы

Т. Раушанұлы