Қан ұюына қарсы тұратын азық-түлік

Қан ұюына қарсы тұратын азық-түлік
Фото: pixabay.com

Рак, ЖИТС (СПИД) және жол апатына қарағанда, қанның ұюынан (тромбоз) адам көбірек қайтыс болады екен. Тромбоэмболияның 25%-ы күтпеген өлімге әкеледі. "Тромбоэмболия" термині – аурудың аты емес, инфаркт, инсульт және басқа да нашар жағдай шақыратын және жиі өлім жағдайына әкелетін ауытқу. Қан неліктен ұйиды?

Әдетте, қантамырлар қабырғасы зақымдалғанда қан жоғалту мүмкінкіндігінен қорғану үшін тромбтар түзеді. Тромб зақымдалмаған қантамырларда да пайда болуы мүмкін, бірақ сау ағза олармен өзі күресе алады: оларды арнайы ақуыздар көмегімен бірнеше күнде ыдыратып жібереді.

Алайда қазір шартты түрде "сау" адамдар көп емес. Сондықтан көп жағдайда ол басқаша орын алады: қантамырдың қабырғасына жабысқан тромб өседі және қан айналымға кедергі жасайды. Бұл тромбоз, ол тромбоэмболияға айналмас бұрын бірден дәрігерге қаралу керек.

Тромбтар неліктен түзіледі?

Ереже бойынша, тромбтар қан өте қою болғанда түзіледі. Қан жасушалары "жабыса" берсе, тромб түзілуі оңай бола түседі. Неліктен қан қоюланады? Дәрігерлердің айтуынша, оған қан құрамының өзгеруі, ұйығыштықтың жоғарылауы, су жетіспеушілігі, дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі, жасушалар мен тіндердің қышқылдануы, көкбауыр жұмысының бұзылуы, созылмалы күйзеліс және т.б жағдайлар әсер етуі мүмкін. Бұл тізімге қарасақ, тромб түзілуіне дұрыс емес өмір салты мен дұрыс тамақтанбау тікелей әсер ететіндігін түсінеміз. Сонымен қатар, тромб түзілуіне сәулелену мен көп қан жоғалту ықпал етеді.

Тромб түзілуінің алдын алу үшін жаттығу жасауды әдетке айналдыру қажет және тамақтануды ретке келтіру керек. Тамақтану мәзірінен қан қойылтатын азық-түлікті алып тастау қажет.

Су ішу режимі

Күніне 1,5-2 л таза газдалмаған су ішіңіз. Тамақ жегіңіз келгенде алдымен 1 стақан су ішіп алыңыз. Себебі адам өз азғасының не қалап тұрғанын түсіне бермейді, су ішкен соң шынымен қарныңыз ашып тұрғанын немесе жай шөлдегенін түсінесіз.

Жемістер мен көкөністердің балғын шырыны, табиғи жеміс-жидектік морстар мен компоттар, қарапайым қою емес қара шай, көк шай, шөптерден жасалған шайлар да тромб түзілуіне кедергі бола алады.

Қантсыз какао да қан ұюына кедергі болады. Оның құрамында теобромин, фитонцид және көптеген антиоксиданттар бар. Алайда тәулігіне 20-30г какао жеткілікті, егер оны көп мөлшерде ішсеңіз, кері әсерін беруі мүмкін.

Жемістер мен көкөністер

Зиянды "дәмді" тамақ жегенді ұнататындар балғын жемістер мен көкөністер туралы естігісі келмейді. Кей ер адамдар оларды "шөптер" дейді. Қан ұйығыштығына жауап беретін фибриноген ақуыз деңгейі жануарлар майын крахмалмен бірге (картоп, ақ нан, тазартылған жармалар, макарон және т.б) көп жейтіндерде жоғары болады. Оларда тромб жиі түзіліп, қиын ыдырайды.

Ал жемістер мен көкөністер керісінше, тромб түзілуіне қарсы тұрады. Крахмалды емес ең жақсы көкөністерге болгар бұрышы, үрмебұршақ, бұршақ, баклажан, орамжапырақ, қияр, пияз және хош иісті шөптер жатады.

Майлы етке картоптың орнына сәбіз, асқабақ, жүгері, кәді және қызанақ қолдануға болады.

Пайдалы балық

Тромб түзілуіне кедергі болатын керемет өнімге омега-3 қышқылдарына бай албырттан сардинаға дейінгі майлы балықтар жатады. Ғалымдардың айтуынша, адамға күніне 100-150г балық жегеннің өзі жеткілікті. Сонымен қатар, зерттеулер балықты уақытылы жеу тромбоциттердің пішінін жақсартатындығын, яғни оларды ұқыпты әрі тегіс етеді. Ол дегеніміз олардың бір-біріне жабыса беру қаупін бірден азайтады.

Пияз бен сарымсақ

Пияз тромб түзілуіне кедергі болады. Ол шикі және термиялық өңделген күйінде де пайдалы. Ол майлы тағаммен бірге де тромб түзілуінің алдын алады. Пияз белсенді компоненттерге, соның ішінде кверцетинге бай және қылтамырларды қорғау қасиетіне ие. Сарымсақтың адам ағзасына пайдасы туралы бәріміз білеміз. Сарымсақ тромб түзілуінің алдын алуға да пайдалы екен.

Басқа өнімдер

Тромб түзілуініің "қарсыластарына" табиғи бал, қызыл шарап (аз мөлшерде), емдік дәмдеуіштер, зәйтүн майы және жаңғақтар жатады.

Кардиологтар дұрыс таңғы ас тромб түзілу қаупін 60 %-ға төмендететінін байқаған. Сондықтан дұрыстап таңғы ас ішуді ұмытпаңыз!

А. Жапатова