Күлімсіреңіз!

Күлімсіреңіз!

Күлкі өмірді ұзартады деген тұжырым баршамызға белгілі. Жайдары көңіл мен беттегі күлкінің тағы қандай пайдасы бар?

Тіпті, өтіріктен күлімсіреу сіздің көңіліңізді көтере алады. Психологтардың айтуынша, езуде әрең тартылған жалған күлкі де шын мәнінде көңілді көтереді.

Күлкі иммунды жүйеге көмектеседі. Біз күлген сәтте денеміз босаңсып, дем алады екен. Ал бұл жалпы иммунитетке пайдалы.

Күлкі жұқпалы. Қасыңыздағы біреу есінесе, сіздің де есінегіңіз келетіні белгілі. Күлкі де дәл солай жұқпалы болатынын ғалымдар дәлелдеді.

Күлкі стресстен сақтайды. Әрине, күлкі мен көтеріңкі көңіл-күй стресс пен депрессияларға қарсы тұра алады. Ол оптимистік ойларға бастау болып, қайғыларға берілмеуге көмектеседі. Уайымдаған кездері күлкілі кино көруге, не достарыңызбен жиналуға болады.

Қабақты түю күлуден қиынырақ. Қабақты түйгенде біз беттің әлдеқайда көп бұлшық еттерін іске қосамыз. Яғни, көңілдің түскені жайдары болғаннан көбірек күш құртады.

Күлкі - бақыт белгісі. Біреумен танысқанда, амандасқанда, комплимент естігенде күлімсірей бастаймыз. Бұл басқаларды өзіміздің бақытты екенімізді сендіру рефлексі, еріксіз басқалардың көңілінен шығу амалы. 

Жұмыста күлкі жоқ. Жұмыста біз үйдегіге қарағанда азырақ күлеміз. Сондықтан жұмыстан қатты шаршап көңіліміз түседі. Жұмыс орыныңызда күлуге себеп табуға тырысыңыз. 

Сіз күлгенде бетіңіздің 53 бұлшық еті жиырылады. 

Сәбилер күле білу қасиетімен туылады. Сәбилер анасының жатырында да күлімсіреп, осы қасиетпен дүниеге келеді екен.

Жайдары күлкі мансаптың өсуіне көмектеседі. Көңілді, бақытты адамды бастығыңыздың байқамауы мүмкін емес.

Күлкіні техника да таниды. Қазірде көптеген жұмыс орындары автоматтандырылған техникамен алмасты. Олардың көбісі адамдарды күлкісі бойынша таниды екен. Күлкіні суретке түсіретін фотоаппараттар сынды заман ғажаптары адам бетіндегі күлкіні оңайлықпен тани алады екен. 

Әйелдер ерлерге қарағанда жиірек күлімсірейді. Мүмкін содан әйелдердің орташа есеппен өмір жастары ұзағырақ болар?

Күлкі макияждан да жағымды. Жүргізілген сараптамалардың нәтижесі ер кісілердің 69%-ы жақсы макияждан гөрі жай күлімсіреген қыздарды сымбаттырақ деген. 

Күлкінің 19 түрі бар екен. Оларды сыпайы "қоғамдық" және шын жүректен шыққан күлкі деген екі топқа бөлуге болады. 

Күлкінің сонша пайдасы бар екенін біле тұра, қалай күлмеске?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: pixel-mix.ru

С. А