Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Компрестің түрлері

Компрестің түрлері

Компрестің түрлері

Компресс дегеніміз — көп қабатты емдік таңғыш. Латыншадан аударғанда «compressus» - сығымдалған деген мағынаны береді. Бала кезімізде аяқ-қолымызбен құлап ауыртып алғанда, анамыз компресс жасап, емдеуге кірісетін еді. Бұл емдік шараның бүгінде көптеген түрлері бар. Салқын, ыстық, қыздырғыш  секілді компресс түрлерін пайдаланудың жолдары да түрліше. Назарларыңызға осылардың әрқайсысына тоқталып, ерекшеліктерін ұсынамыз.

Салқын компресс

Суық компресс – теріні суытып, қан тамырды жіңішкертеді, бұны жарақаттың бірінші сағатында қолданады. Яғни жарақат алғаннан кейін, бас сақинасында, мұрыннан қан аққанда, бас ауырғанмен бірге дене қызуы жоғарыласа салқын компресті қолданады. Бұл ісінуді төмендетеді соғылған жердің ауырғанын басады, ауырған жерге қан ұюын азайтады және қанды тоқтатуға көмектеседі. Ол үшін матаны бірнеше рет қабаттап, салқын суға батырады. Аздап сусын сығып, жарақатты жерге, маңдай мен мұрын үстіне салқын матаны басады. 3-4 минут сайын матаны ауыстырады. Емдік шара 5-40 минутқа жалғасады..

Ыстық крмпресс

Ыстық компресс – тамыр жолдарын кеңейтіп, қан айналымды күшейтеді, тінге қанның баруын жақсартады. Сол себепті компресті тіннің ісігін азайту мен ауырған жерді басу үшін қолданады. Осының арқасында ауырсыну мен ісінудің, бұлшық еттің түйілуі басылады. Аталған компресс буындар ауырғанда, нефрит дертінде көмектеседі. Жұмсақ матаны бірнеше рет қабаттап, ыстық суға салады. Аздап суын сығып, ауырған жерге басады. Сыртынан мақта және полиэтилен пакетпен орайды. 10 минуттан кейін жаңасымен алмастырады.

Қыздырғыш компресс

Қыздырғыш компресс — терідегі қан жолдарына ғана емес, терідегі  ткандарға дейін қанның баруын қамтамасыз етеді. Буын қабынуында, баспада, фарингит, плеврит, бала емізетін әйелдердің сүт безі қабынғанда, құлап қалғанда, сіңірді ауыртып алғанда қыздыратын компрестің көмегі зор. Ол үшін мақта матаны 2-3 қабаттап (немесе дәкені 4-8 рет қабаттап бүктейді) жылы суға малып алады да, суын сығады. Оны ауырған жерге басады да, сыртынан полиэтилен пакетпен толықтай қымтайды. Қалың матамен тағы ды сыртын орап, компресс теріге тиіп тұратындай жағдай жасайды. Егер қыздыратын компресс дұрыс қойылған болса, алдымен дене салқындықты, сосын барып жылылықты сезінеді. Емдік процедура 6-12 сағат. Сондықтан оны түнде жасаған тиімді. Компресті алған соң теріні спиртпен сүртіп, сүлгімен құрғатады.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: relaxthai.ch
Қосылған күні: 23 сәуір, 14:42

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.