Жүрек ұстамасына ұшыраған әйелдерге күтім керек

Жүрек ұстамасына ұшыраған әйелдерге күтім керек
Фото: anamed.kz

Жүрек ұстамасына ұшыраған әйелдерге жедел көмек беру кезінде әйел дәрігер жәрдем берсе, науқас көп жағдайда аман қалады екен.

Бұл күтпеген қорытынды пікірді (PNAS-қа сілтеме жасап) Doctoroz онлайн-баспасы жариялады. Оны 20 жыл бойы жарты миллионнан астам емделушіге қатысты деректерді талдаған ғалымдар жасаған көрінеді. Бұл деректің растығын білу үшін ғалымдар әлі де анық-қанығына жетуі тиіс.

Мүмкін, пациенттер әйел дәрігерлерге көбірек сенім артып, денсаулығының жай-күйі туралы айтуға қысылмай, сұрақтарға жауап беріп, өзін егжей-тегжейлі тексеруге мүмкіндік беретін шығар. Немесе олар әйелдердің жүрек аурулары мен қан тамырларының ерекшеліктерін жақсы білетін болуы мүмкін.

Перелман жүрек институтының (АҚШ) білім беру және халықпен жұмыс жөніндегі директоры, кардиолог Холли Андерсеннің айтуы бойынша, қазіргі қоғамда жүрек-қан тамырлары аурулары туралы әңгіме қозғалғанда, неге екені белгісіз әйелдерге келетін қауіп туралы мүлдем айтылмайды. Сол үшін, қазіргі уақытта жүрек ауруы әйелдердің өлімінің басты себептеріне айналған. Олар қатерлі ісіктің түрлерімен салыстырғанда жүрек ұстамасынан жиі көз жұмады. Және, өкінішке қарай, бұл үрдіс әсіресе 29 жастан 45 жас аралығындағы жас әйелдер арасында артып келеді.

"Мұның себептері көп",-дейді Андерсен ханым. Жүрек ұстамасы орын алғанда әйелдер жедел жәрдем шақыра бермейді. Олар ауруханада дәрігерлерді ұзақ уақыт күтеді, өйткені көбінесе әйелдерде жүрек соғысының типсіз симптомдары болады – ол кезде кеуде ауырмауы мүмкін, сондықтан оларға бірден электрокардиограмма жасамайды және осы себепті диагноз дұрыс қойылмайды.

Америкалық зерттеушілердің айтуынша, әйелге дұрыс диагноз қойғанның өзінде, осындай ауруы бар еркекпен салыстырғанда тезірек қажетті көмек берілу керек екен. Мұндай кешіктірулердің салдарынан да өлім-жітім орын алып қалатын көрінеді. Үлкен қауіп жас әйелдерде екен.

Холли Андерсеннің айтуынша, тарихта жүрек-қан тамырлары ауруларын зерттеумен айналысатын еркектер, сондықтан бұл ауруға байланысты ерлер көп тіркеліп отырған. Сондықтан әйелдердің жүрек ауруы әлі күнге дейін жеткілікті деңгейде зерттелмеген. Әйелдерге қате диагноздар қойылып, соның салдарынан дұрыс емделмей жатады. Бұл жағдайлар іс жүзінде әлемнің барлық елдерінде кездеседі.

Андерсеннің айтуынша, тағы бір себеп – бұл тақырып бойынша ақпараттың жетіспеуі. Америкалық әйелдердің тек 27 пайызы жүрек ауруына шалдығатын көрінеді, ал шамамен 11 пайызы өз досының, танысының, осы жүрек ауруынан көз жұмғандығын айтып жатады. Америкалық кардиологтардың мәліметтері бойынша, жүрек-қан тамырлары ауруынан қайтыс болған әйелдердің туыстары, қандайда бір себептермен бұл туралы жасырын қалдыруға тырысады екен. Әйелдер өздерінің жүрек ауру проблемалары туралы айтуды да қаламайды, дәл осы сияқты адамдар 1970 және 1980 жылдары да сүт безі қатерлі ісігі туралы талқылауға ыңғайсызданатын.

Қазіргі уақытта әйелдердің 70 пайызы ешқашан жүрегінің жай-күйін тексерту үшін дәрігерге келген емес. Медициналық мамандарға келетін болсақ, алғашқы медициналық-санитарлық дәрігерлердің тек 37 пайызы жүрек ауруына шалдыққандарды өздерінің негізгі проблемасы деп санайды. Көптеген әйелдердің ойынша, егер дәрігер олардан жүрегі ауыратынын сұрамаса, онда алаңдайтын түгі жоқ деп ойлайды. Сондықтан ғалымдар әйелдерді негізсіз жалған ұялшақтықтан арылып, өз проблемалары туралы әңгімелеп, жүйелі түрде кардиологтен тексеруден өтуін ұсынады.

Дәрігерге қаралған кезде өзіңіз туралы толық ақпарат беріңіз:

- Сізде және сіздің отбасыңыздағы жүрек ақаулары туралы барлық жағдайларды айтыңыз;

- Сіздің барлық симптомдарыңызды, әсіресе эмоциялық немесе физикалық стресстен туындаған және тынығудан кейінгі жағдайды сипаттаңыз;

- жүктілік кезіндегі барлық асқынулар туралы әңгімелеп беріңіз (гипертония, қант диабеті, преэклампсия);

- Сіз белгілі бір диетаны ұстанатын болсаңыз, шылым шегетініңізді, қандай физикалық жаттығулар жасайтыныңызды, стресс пен көңіл күйді қаншалықты жиі сезінетініңізді айтып беріңіз;

- Бас ауруының барлық жағдайлары мен ауырлық дәрежесін ескеріңіз;

- Қан қысымын және белдік шеңберін өлшеуді сұраңыз;

- Холестерин мен қан глюкозасының деңгейін тексеріңіз.

Ғалымдардың айтуы бойынша, жүрекке ерте ме, кеш пе көңіл бөліп қойған жөн. Ауру жүрек сіздің денсаулығыңыз үшін ең үлкен қатер екенін есте ұстағаныңыз жөн, ал егер сіз жас болсаңыз, емделсеңіз уақыт өте келе өміріңіздің сапасы айтарлықтай жақсарады.

Егер сіздің жүрегіңізде ақау болса, еш ойланбастан кәсіби дәрігер көмегіне жүгініңіз.  

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры. Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.
Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

А. Оралқызы