Балаңыз созылмалы ауруға шалдықпасын десеңіз, оған қол көтермеңіз!

Балаңыз созылмалы ауруға шалдықпасын десеңіз, оған қол көтермеңіз!

Плимутск Университетінің ғалымдарының айтуынша, балаға қол көтеру рак пен жүрек ауруына және демікпеге алып келеді. Сарапшылардың пікірінше, физикалық жарақат алып, ашудың астында қалған бала көптеген ауруға душар болуы ғажап емес екен. Сонымен қатар физикалық зорлық-зомбылық көрген бала созылмалы ауруларға көп шалдығады. 

Сарапшылар денсаулығында түрлі ақауы бар ересек 250 адамнан сауалнама алған. Сауалнама барысында олардың бәрінен балалық шақтарын сұраған. Осы жасқа дейін қанша рет физикалық соққының астында қалғанын білген соң, созылмалы ауруларға неге шалдықанына көз жеткізген. 

Егер адам рак ауруына шалдықса, ол бала кезінде 70% айқайды көп естіп, соққыны көп жеген дейді ғалымдар. Ал жүрек ауруына мұның 30%, демікпеге 60% қатысы бар. 

Осы Университеттің профессоры Майкл Хиландтың айтуынша, бала кезінде осындай аурудың бастамасы пайда болғандықтан, оларды есейген тұсында емдеп жазу қиын. Көбіне мұндай аурулар созылмалы болғандықтан адамды емдеп алу ісінде ешкім уәде ете алмайды.

Ата-аналар баланы таяққа жығып, ашудың астына алып тәрбилеу дұрыс емес екендігін білсе екен. Кейде қазақ ата-аналары баланы таяқпен өсіреді. Бұл шындық қой. "Неге өйтесің?" дей қалсаң, "Мен өз баламды жақсы көрмейді дейсің бе? Таяқты сағынып қалады өзі анда-санда. Бәрібір жақсы көреді шешесін" деп мәз болады келіп.

Болмаса үй ішінде бала балалығын жасап сәл "тәртіп бұза" қалса, "анау таяқты көрдің бе?" деп бір ескертіп қоятын ересектер және бар. Баланы таяқсыз да, айқайсыз да тәрбиелеуге болады.

Соққының астында жатқан балаңызды тәрбиесі үшін ғана емес, денсаулығы үшін де аяңыз, ата-ана!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: mk.ru, abig.kz

А. Әбілхан