Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Миды тамақтандыруды ұмытпа...

Миды тамақтандыруды ұмытпа...

Миды тамақтандыруды ұмытпа...

Адам миы дамылсыз жұмыс істейді. Тіпті, біздің денеміз тынығатын сәт – ұйқы кезінде де, мидың бір бөлігі өз қызметін атқаруды тоқтатпайды. Сондықтан, оны ылғи дәрумендермен қоректендіріп тұру керек.  

Неліктен медицинада авитаминозбен (дәрумен жетіспеушілігі) күреске көп мән береді? Өйткені, дәрумен жетіспесе ағза, соның ішінде ми өз қызметін толыққанды атқармайды. Есте сақтау қабілеті ғана емес, ақпаратты қабылдаудың өзі қиындай түседі.

Дәруменнің түрі өте көп. Дегенмен, миға ең пайдалысы – В тобына жататын дәрумендер тобы. Олар ми жасушаларының қызметін қалыпты ұстап қана қоймай, миды күйзелістен сақтап, оның «жасын» ұзарта түседі.

B1 дәрумені
Екінші атауы – тиамин. Халық арасында  – «ақыл дәрумені» ретінде танымал. Оны жадыға әсері күштірек: ол жүйке жүйесін қорғауға қатысады және миды глюкозамен қамтамасыз етеді. 

Тиамин жетіспеушілігі мынадай мәселе тудырады:
• Есте сақтау қабілетінің нашарлауы
• Ойлардың шатасуы
• Бұлшық еттің әлсіреуі
• Ұйқының бұзылуы
• Шаршаңқылық
• Мазасыздық
• Ашушаңдық
• Жансыздану
Егер бұл дәрумен көп мөлшерде жетіспесе қан-айналым жүйесі мен асқазан-ішек жолдарында үлкен мәселелер туындауы мүмкін.
В1 вдәруменінің жетіспушілігі туындамау үшін тамақ режиміне шпинат, картоп, сәбіз, жаңғақтар, қарақұмық пен бұршақты қосыңыз.
В1 дәруменің қайта қалпына келтіру қаншалықты оңай болса, одан айырылып қалу да соншалықты жеңіл. Егер қарай шай, қант пен шылымды қолдансаңыз дәрумен жетіспеушілігі туындауы әбден мүмкін.

B2 дәрумені
Екінші атауы – рибофлавин. Халық арасында «қуат көзі» деп аталады. Зат алмасудың жылдам жүруіне, ақыл-ойды қажет ететін әрекеттерді басқарады, жүйке жасушаларының синтезіне қатысады, нейромедиаторлардың жұмысын күшейтеді. 

Рибофлавин жетіспеушілігі кезінде:
• Тез шаршау;
• Әлсіздік
• Нашар тәбет
• Ұйқышылдық
• Салмақтың төмендеуі
• Ақыл-ой жұмыстарының баяулауы
• Бас аурулары туындайды.
B2 деңгейінің қатты төмендеуі көру мүшесіне әсер етеді, кеуде және бет терісінің дерматитіне, хейлит ауруларына алып келеді. Дәруменді бірқалыпты ұстау үшін тамақ режимінде қырыққабат, ашытқы, сүт өнімдері, жұмыртқа және бауыр болуы тиіс.
Құрамында В2 дәрумені бар тағамдарды қуыруға, қайнатуға болады. Бірақ, ашық күн астында ұстамаған жөн: сәулелер әсерінен тез бұзылады.

B3 дәрумені
Басқау атаулары – PP дәрумені, ниацин, никотинамид, никотин қышқылы. Халық арасында «тыныштық дәрумені» деп атайды. Ол ферменттердің синтезінде және ағзаға қажетті гормондардың биосинтезінде маңызыд рөл атқарады.

Ниацин жетіспеген жағдайда:
• Ұйқысыздық
• Күйзеліс
• Шаршаңқылық
• Мазасыздық байқалады.
Ал, ниациннің жоғары көрсеткіштегі жетіспеушілігі пеллегра (ойлау жүйесінің төмендеуі мен қабылдау қабілетінен айырылу), дерматит пен диареяға алып келеді. Бұл дәрумен ет, жұмысртқа, бұрыш, жасыл бұршақ, сарымсақ пен сәбізде көптеп кездеседі.

B5 дәрумені
Негізгі атауы –  пантотен қышқылы.  Майлардың алмасуына қатысып, жүйке импульстерінің берілуіне және терінің жаңаруына қатысады.

Дәрумен жетіспеушілігі туындаса:
• Бұлшық ет ауруы
• Аяқты жиі ұйып қалуы
• Бас ауруы
• Ұйқының бұзылуы
• Есте сақтау қабілетінің төмендеуі байқалады.
Ағзаны B5 дәруменімен байыу үшін тамақ режимінде көк шай, саңырауқұлақ, көкөністер, орман жаңғақтары мен ет болуы шарт.

B6 дәумені:
Екінші атауы – пиридоксин. Бұл дәруменсіз зат алмасу үрдісі жүрмейді, одан бөлек нейромедиатор, гормондар мен асқазандағы тұз қышқылының түзілуіне қатысады. 

Жетіспеушілік кезінде:
• Мазасыздық
• Күйзеліс
• Ашушаңдық
• Ұйқыбастылық
• Ойлау жүйесінің әлсіреуін байқауға болады.
B6 дәруменін бұрыш, қырыққабат, картоп, балық, ет пен ашытқы өнімдерін жеу арқылы ағзаға сіңіруге болады. Жеміс-жидектерді сүйіп тұынатындар үшін бұл дәруменді банан мен құлпынайдан табуға болады.

B9 дәрімені
Екінші атауы – фолий қышқылы. Серотонин және дофамин гормондарының түзілуіне қатысады. Одан бөлек, нәруыздардың алмасуына, қан жасушаларының түзілуіне, жүктілік кезінде генетикалық ақпараттың берілуіне, B5 дәруменімен қосылып, шаштың өз түсін ұзақ уақыт бойына сақтап қалуына септігін тигізеді.  

Фолий қышқылы ағзада жетіспесе:
• Апатия
• Ұйқысыздық
• Мазасыздық
• Шаршаңқылық
• Есте сақтау қабілетінің нашалауы секілді белгілер байқалады.
Басқаарға қарағанда бұл дәруменді табу қиын. Дегенмен, жұмыртқа саруызынан, бауырдан, авокадо мен бидайдан табуға болады.

B12 дәрумені:
Екінші атауы – цианокобаламин. Халық арасында «қызыл дәрумен» деп аталады. Ұйқының қызметі дұрыс болуына қатысып, психиклаық үрдістерді ретке келтіреді. Қысқа мерзімді жадыны ұзақ мерзімді жадыға айналдыруға көмектеседі.

• Күйзеліс
• Ақылдың кемдігі
• Есте сақтау қабілеті нашарлау
• Ашушаңдық
• Галлюцинациялар
• Бастң айналуы
• Созылмалы шаршау
• Ұйқыбастылық
• Құлақтың шыңылдауы
• Көру қабілетінің нашарлауы бұл дәрумен жетіспеген кезде туындайды.

Жетіспеушілікпен күресу үшін соя өнімдерін, теңіз қырыққабатын, жүрек, бүйрек және бауырды, балықты жеу керек.
B12 дәруменін жануарлар мен өсімдіктерден табу қиын. Оны тек көк-жасыл балдырлар, бактерия мен микроағзалар өндіреді. Оларды жануарлардың бүйрегі мен бауырынан табуға болады.
Осымен, миға пайдасн тигізетін В дәрумендер тобы аяқталды. Одан бөлек, С, D және Е дәрумендері бар.

C дәрумені
Екінші атауы  – аскорбин қышқылы. Оның ағзаға әсері мол: нейромедиаторлардың жұмысын жақсартады, антиоккксидант қызметін атқарапы, жасушадағы тотықсыздану үрдісіне қатысады. Ол жетіспесе:

• Артық салмақ
• Жұқпалы аурулар
• Созылмалы тұмау
• Ұйқысыздық
• Күйзеліс
• Көру қабілетінің нашарлауы
• Шаштың түсуі және сынғыштығы
• Терінің құрғауы
• Әжім
• Тістің қанауы, түсуі
• Варикоз
• Терінің регенерациясының баяулауы туындайды.
Бұл мәселелердің алдын алу үшін дұрыс тамақтану керек: қырыққабат, жидектер, цитрустар, жасыл пияз, тәтті қызыл бұрышты қосуды ұмытпаңыз.

D дәрумені
Екінші атау – кальциферол. Ағзадағы кальций алмасуына әсер етіп, тіс пен сүйектердің саулығына жауап береді. Бұлшық еттің дұрыс жиырылуына және жүйке импультарының берілуіне әсер етеді. Кальциферол жетіспесе мынандай мәселер пайда болады:

• Әлсіздік
• Созылмалы шаршау
• Күйзеліс
• Салмақ жоғалту
• Сүйек сынғыштығы
• Бұлшық еттің құрысуы
• Балалардың өсуі баяулайды
• Бас ауруы
• Сіңір тартылуы.
Егер жетіспеушілікті дер кезде емдемесе диабет, гиперторния, склероз бен қан-тамыр жүйесінің аурулары туындауы мүмкін.D дәруменін майлы балықта тобынан, май өнімдерінен, жұмыртқа, сиыр бауырынан, балық майынан және сүт өнмдерінен табуға болады. Одан бөлек, күннен де бұл дәруменді ағзаға сіңіруге болады.

E дәрумені:
Екінші атауы – токоферола ацетат. Майды ерітетін дәрумен түріне жатады – антиоксидент. Миды токсиндер мен бос радикалдардан босатады. Жасуша мембранасының (қабығы) құрамында кездеседі. Ол жетіспесе:

• Бұлшық еттің жансыздануы
• Аяқтың дірілі
• Әжім
• Терінің құрғауы
• Ұйқы мәселесі
• Тәбеттің жоғалуы
• Тез шаршау туындайды.
E дәрумені ағзада жоғалса адамда бедеулік өрбуі мүмкін. Ол үшін тамақ режиміне өсімдік майын, қарақұмықты, жүгері мен ұннан жасалған тағамдар, жасыл бұршақты қосыңыз. Балық өнімдерін жиі тұтыныңыз.

P дәрумені
Екінші атауы – биофлавонид. Оның негізгі міндеті – қанның ұсақ тамырларының саулығын сақтау. Ол жетіспесе:

• Ағзадағы ұсақ тамырлардың жарылуы
• Тері мәселесі
• Шаш түсуі
• Буындардың ауруы
• Шаршаңқылық
• Әлсіздік пайда болады. P дәрумені ағзада мүлдем кездеспеген жағдайда миға қан құйыуы мүмкін. Ол үшін цитрустар, жидектер, жүзім, өрік, қарақұмық, қырыққабат, қызанақ пен алманы жиі жеген дұрыс.

Дерттің бәрі – тамақтан. Емін де тамақтан табуға болады. Қыстан көктемге ауысқан шақта дәрумен жетіспеушілігі анық байқалады. Сондықтан, оның алдын-алуды бүгіннен бастаңыз.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: Коллаж
Қосылған күні: 12 ақпан, 17:12

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.