Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Арықтауға көмектесетін шай түрлері

Арықтауға көмектесетін шай түрлері

Арықтауға көмектесетін шай түрлері

Шай қазақтың сүйікті сусындарыны бірі. Медицинадан белгілі адам арықтағысы келсе көп сусын ішуі керек. Бұл ретте шай ең қолайлы сусын. Себебі оның құрамында шырын мен газды ішімдіктердің құрамында болатын қант жоқ. Керісінше, оның құрамында қуатты оптимал деңгейде ұстап тұратын табиғи элементтер көп. Сондықтан арықтауға көмектесетін матте, улун, жалбыз, түймедақ т.б шай түрлері мен оның пайдасы туралы баяндамақпыз.

©for-skin.ru

Ақ шай: май жасушаларын ерітеді 

Ақ шайды әзірлеу үшін енді ғана өсіп шыққан шай жапырақтарын теріп, оны еш ферментациясыз, жай ғана күн көзіне кептіреді. Сондықтан болар оның бойындағы барлық пайды элементтер сақталады. 

Дайындау әдісі: қайнаған суға 2 шай қасық ақ шай жапырағын салыңыз. Қайнаған кезде алғашқы шығымын төгіп тастаңыз. Екіншісінен бастап ішкен пайдалы. Ақ шайға қант, тұз басқа да қоспалар қоспай ішкен пайдалы. 2009 жылы “Питание и Метаболизм” басылымы ақ шайдың май жасушаларын шынында да тез ерітетіні туралы зерттеу нәтижелерін жариялаған. 

©youtube.com

Көк шай: метаболизмді арттырады

Көк шай күн ыстықта ішетін таптырмайтын сусын. Сондықтан болар оны шығыс халқы жақсы көреді. Оның құрамында ECGC антиоксиданты көп. Бұл элемент ағзаға жақсы әсер етіп, адам терісіне әжім түсірмейді, қартаюдан сақтайды. Бірақ көк шайдың басты құдіреті бұл емес. Ол құрамында кофеині барлар сусындар арасында чемпион (көк шайдың құрамындағы кофеин ең ащы кофе құрамындағы кофеиннен де көп). Ал кофеин метаболизмді арттырады, сондай-ақ белсенді өмір салтын қолдау үшін қажетті күш береді. 

Әзірлеу әдісі: қайнаған суға 2 қасық көк шай салып, ыдысты отқа қойыңыз. Қайнаған шайды отта 3 минуттан артық ұстамағыз. Шайдың дәмі ащы болып кетеді. Шын мәнінде таза көк шай ешқашан ащы дәм бермейді екен.

©modusvivend.ru

Мате шайы: қандағы қант деңгейін төмендетуге көмектеседі 

Оңтүстік Америкада өсірілетін yerba mate жапырағынан дайындалатын адам денсаулығына өте пайдалы шай түрі. Ол кофеинге бай сонымен бірге құрамындағы теофиллин және теобромин қоспалары себепті қандағы қант деңгейін төмендетуге көмектеседі. 2015 жылы өткізілген тәжірибе кезінде 12 апта бойы күніне бір шыныаяқ мате шайын ішкендер сонша уақыт бойы басқа сусын мен спортпен айналысқандарға қарағанда көбірек салмақ тастаған.

©lanxizx.club

Улун шайы: қарындағы майды жояды 

Метаболизм жылдамдығын арттыруға көмектесетін шайдың тағы бір түрі. Улун шайында бел мен қарында жиналған майға әсер ететін химиялық қосылыстар бар. 

Дайындау әдісі: ыдысқа 2 ас қасық мате шайын салыңыз. Қайнаған су құйып, бетіндегі көбігін алып тастаңыз. Ыдыстың бетін жауып аздап суығанын күтіңіз. 

©novostdon.ru

Қара шай: май сіңуін алдын алады 

Егер күнделікті тұтынатын тағамдарыңызда май құрамы көп болса, сіз үшін қара шай таптырмас сусын. Себебі оның құрамында семіріп кетудің алдын алатын, ағзаға майдың сіңуіне жол бермейтін полифенол өсімдігінің қоспалары – афлавин және арабубиндер бар. Сонымен қатар, кейбір зерттеулер қара шайдың қант диабетіне шалдығу ықтималдығын азайтуға қабілеттілігін растайды.

Дайындау әдісі: 200 мл ыдысқа 1 шай қасық қара шай салыңыз да қайнаған су құйып бірден төгіп тастаңыз. Сосын тағы да қайнаған су құйыңыз. 

©vix.com

Жалбызды шай: аштық сезімін азайтады 

"Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді" деген мәтел бұл өсімдіктің осындай қасиетіне байланысты айтылған болса керек. Арықтау үшін жалбыздан шай дайындап ішудің қажеті де жоқ. Оны тек искесеңіз жетіп жатыр. Иезуттер университетінің ғалымдары жалбыз иісі аштық сезімін тоқтататынын анықтаған. Аптасына бес күн екі сағат бойы жалбыз иіскесеңіз арықтайсыз. Ал жалбыз шайы жүйкені тыныштандырып, асқорыту жүйесінің қиындықтарына төтеп бере алады. Ұйқыны реттеп, ауруды басады.

Дайындау әдісі: ыдысқа 2 жалбыз жапырағын салып, 5-10 минут тұндырыңыз. Жалбыз шайын суытып ішкен пайдалы. 

©Kkal.ru

Зімбір шайы: тоқтық сезімін арттырады 

Зімбір шайы – әдетте қан қысымын реттейді, қант деңгейін төмендетеді және қабынуды емдейтін ғажайып сусын. Сонымен бірге, ол тоқтық сезімін де арттырады. Сондықтан түскі ас кезінде зімбір шайын ішсеңіз тамақ туралы біраз уақытқа дейін ойланбайсыз.

Мұндай сусынды дайындау үшін әуелі тамырды жақсылап жуып алу керек. Исі сіңіп кетпеу үшін ағаш тақтайға емес, пластиктен жасалған тақтайда кескен дұрыс. Ал, қабығын аршыған кезде неғұрлым жіңішке етіп турасаңыз, құрамындағы дәрумендері соғұрлым көбірек сақталып қалады. Одан кейін үккіштен өткізіп, ұсақтау керек. Бір қасық зімбірді қайнаған сумен бұқтырып қою керек.

©Kanal24.az

Бәден (анис) шайы: ұйқы кезінде арықтауға көмектеседі 

Анис шайы ұйқыны реттеп, метаболизм үшін жауапты гармондарды көбейтеді. Гранада университеті ғалымдары анис жемістерін күнделікті тұтыну немесе анистен дайындалған шай ішу артық салмақтан құтылуға көмектесетінін анықтаған. Тіпті бұл үдеріс сіз ұйықтап жатқанда да жүзеге аса береді. 

©happylifestyle.ru

Түймедақ шайы: күйзелістен құтқарады 

Түймедақтың пайдасы өте зор. Оны халықтық медицинада іш кебу, іш өту, асқазан аурулары кезінде қолданады. Ең бастысы түймедақ шайы күйзелістен құтқарады. Сонымен бірге күнделікті фаст-фуд тамақтарын жейтін болсаңыз түймедақ шайын ішіңіз. Себебі бұл шай құрамында ағзадағы артық майларды жойып жіберетін пайдалы қоспалар бар. 

Бұл шайды дайындау үшін түймедақ гүлдерінің 1 шай қасығын 1 стақан қайнаған сумен араластыру керек. 1 сағат тұндырып қойып, ұйқы қашқанда немесе қатты шаршағанда, 1 шай қасық бал қосып, төсекке жатар алдында қабылдаса, түнгі ұйқыңыз тыныш, ал таңертең сергіп оянасыз. 

0
Рейтинг: +0

Фото: visitemporia.com
Қосылған күні: 08 ақпан, 14:42

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.