Тайғақты күні абай болыңыз

Тайғақты күні абай болыңыз
Фото: ALTAYNEWS

Қыз мезгілінің аязды, боранды, тайғақты күндерінде кез келген адам өз денсаулығы үшін сақтық шараларынесінен шығармағаны дұрыс. Себебі көбінде адамдар мұздың қаншалықты зардап шектіретінін тереңінен ойлана бермейді. Нәтижесінде мұзға тайып құлағаннан көп адамдардың аяқ сүйектері мен жамбас сүйектері сынып немесе шығып, не істерін білмей абдырап жатады. Мұндай жағдайда зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетіп, тез жазылуына сеп болу қажет.

Алдын алу шаралары

Мұздан зардап шеккен жағдайда зақымданған жерге матаны қатты байлап, ал кейіннен су мен спиртті теңдей етіп қосып, қыздыратын компресс жасау керек. Мұндай емді күніне 1-2 рет жасауға болады. Сонымен қатар 2 таблетка аспирин берген де дұрыс. Мұзға құлаған адам міндетті түрде жарақат алып немесе денесі көгеріп қалуы мүмкін. Сондықтан терінің жырылған жеріне микробтар түспей үшін йодпен, марганцовка ерітіндісімен немесе сутек тотығымен тазартып, матамен байлап қойған жөн. Ең есте болатыны науқастың арқа омыртқасы, бел омыртқасы және кеуде қуысы зақымданғанда ол адамды тыныштандырып, тез арада жедел жәрдем шақырыңыз. Ал, зақымдалған жерге қар немесе мұз баса тұрған дұрыс. Егер де зардап шегуші үйге жақындау жерде тайып құлаған болса, оны тез арада үйіне жеткізіп, шүйгіншөп немесе сасықшөп тұнбасын ішкізіңіз.

Сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек

Мұзға тайып қолын сындырып алған науқасқа ең біпінші орамал таңу қажет. Ол үшін ені 140-160 см шығатын мата тауып алыңыз. Орамалды қиғаштата екі бүктеп, ұшын байлаңыз да зардап шегушінің мойнына салыңыз. Сынған қол 90 гр иіліп тұруы керек. Матаның доғал бұрышын шынтақ тұрған жаққа түйрегішпен қыстырып қойыңыз. Осылайша қолы сынған немесе шыққан адамға алғашқы көмек көрсете аласыз.

Егде жасқа келген адамдардың көбіне білек тұсы сынып жатады. Себебі, олар құлаған жағдайда бірінші кезекте жерге қолын тірей құлайды. Сондықтан да олар білектің шығу зардабын көбірек тартады. Егер де қарт адамның осындай жағдайға тап болғанын көрсеңіз, алғашқы көмек ретінде білекке мұз немесе қар басыңыз. Сонымен қатра жұқа тақтайша тауып алып, оның бетіне мақта қойыңыз да, сыртынан дәкемен ораңыз. Қолдан жасалған осындай тақтайшаны алақанның сыртынан келтіріп, сыртынан мақта орап, артынша дәкемен таңып тастаған жөн. Алайда, дәкемен таңғанда өте мұқият болу керек. Себебі, тақтайша дұрыс таңылмаса зардап шеккен адамның қолы ісіп, одан сайын қиналып қалуы мүмкін.

Алдын алу үшін

Ең әуелі сыртқа шығарда аяқ киіміңіздң табанын тексеріп алыңыз. Сонымен қатар оның өкшесінің биіктігіне де мән беріңіз. Мұзды жолда жүргенде аса абай болыңыз. Асықпай қадымдаңыз. Әсіресе баспалдақпен жүргенде сақ болыңыз. Себебі мұндайда тайып жығылу жиі орын алады. Қоғамдық көлікке мініп-түсерде де абай болыңыз. Табаны кедір-бұдыр аяқ киім киіңіз немесе қолыңызға қолшатырды бірге ала шығыңыз.

Н. Үсенова