Ғалымдар есте сақтау қабілетін жақсартудың қарапайым тәсілін тапты

Ғалымдар есте сақтау қабілетін жақсартудың қарапайым тәсілін тапты
Фото: CASE News

Есте сақтау қабілетіне жауапты ми бөліктерінің байланысын жақсарту үшін физикалық жаттығулар жасау жеткілікті. Бұл туралы Калифорния университеті мен Жапониядағы Цукуба университетінің ғалымдар тобы мәлімдеді.

Олардың жүргізген зерттеуі "Proceedings of The National Academy of Sciences" журналында жарияланған. Нейробиологтар томографтың көмегімен физикалық жаттығулармен шұғылданатын адамдардың ми белсенділігіне сараптама жүргізген. Нәтижесінде олардың есте сақтау қабілеті айтарлықтай жақсы жұмыс істейтінін аңғарған.

- Біз жаңа жасушалардың пайда болатынын жоққа шығармаймыз. Ол белгілі бір процесс, оған уақыт керек. Бірақ 10 минуттық жаттығулардың өзі есте сақтау қабелітінің жақсаруына жеткілікті екені байқалды, - дейді ғалымдардың бірі.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Н. Үсенова