Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Балды қыздыруға бола ма?

Балды қыздыруға бола ма?

Балды қыздыруға бола ма?

Бал қосылған шай бұрыннан тұмауға қарсы жақсы ем болып келді. Бірақ соңғы кездері  балды қыздыруға болмайтындығы туралы пікірлер пайда болды. Ендеше, ол туралы аңыз бен шындықты қарастырайық.

Қыздырылған бал қатерлі ісікке әкеле ме?

Қыздырылған бал туралы айтылатын қорқынышты пікірлерді оксиметилфурфурол (ОМФ) деген затпен байланыстырады. Ол қан ыдырау өнімі болып келеді және шынымен де балда түзіледі. Біріншіден, ара ұясы далада тұрғанда қанттың бір бөлігі күннің астында ериді. Екіншіден, бал сатылымға дайындалғанда оны шамамен 50 градусқа дейін қыздырады, ол да ОМФ түзілуіне ықпал етеді. Алайда мамандар  оны тікелей канцерогенге (қатерлі ісік пайда болуына әкелетін заттек) жатқызбайды: оның адам денсаулығынына зияны дәлелденбеген.

Сонымен қатар, құрамында қант бар кез келген өнімді қыздырғанда осы ОМФ түзіледі. Әсіресе, ол ерігіш кофеде көбірек кездеседі. Егер ерігіш кофеде 1 кг-ға 3060 мг ОМФ болса, балда 1 кг-ға 0,34 мг ғана бар. Айырмашылық айқын көрініп тұр.

Қыздыру кезінде балдағы барлық пайдалы заттар ыдырап кете ме?

Бұл пікір жартылай дұрыс: шынымен де, біз балды қыздырған кезде ферменттер мен дәрумендердің бөлігі бұзылады. Десе де ағзаның қалыпты жұмысына қажетті металл иондары босап шығады. Мамандардың айтуынша, қыздырылған балдан босатылып шыққан калий, натрий, мырыш, магний, темір иондары жасушалардың қалыпты қызметін қамтамасыз етеді.

Егер балды ыстық шайға салса, оның барлық пайдалы қасиеттері жойыла ма?

Балды қайнаған суға салсаңыз, оның пайдалы қасиеттерінің бір бөлігін жоғалтуыңыз мүмкін. Ол кезде шынымен де пайдалы құрауыштар тарап, ОМФ көбірек түзілуі мүмкін. Бірақ 100 градуста қайнаған шайды бірден ішпейміз. Оның қажет температураға жеткенін күтеміз. Ал балды жылы шайға салғаннан ешқандай зиянды процестер жүрмейді. Сондықтан егер әлсіздік сезініп тұрсаңыз, тұмаулатып қалсаңыз, бал қосылған шай іше беріңіз. Бал – бактерицидті қасиетке ие. Ол ағзаның зиянды заттардан тез тазаруына ықпал етеді және жөтелді жұмсартады.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 19 қыркүйек 2018, 10:15

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.