Фольганың қай бетін қолданған дұрыс?

Фольганың қай бетін қолданған дұрыс?
Фото: kramola.info

Көптеген адамдар алюминий фольга қағазының бір жағы жылтыр, бір жағы солғын ақшыл түсті екенін біледі. Оның қай жағы оң не теріс екеніне ешкім бас қатырып жатпайды. Осы қағазды тамақ орауға пайдаланғанда қай бетін қолданған дұрыс?

Жоғарыдағы сұраққа жауап беруден бұрын, оның жылтырақ беті жарық пен жылуды белгілі бір дәрежеде өткізбейтінін, ал екінші беті керісінше екенін айтып өткіміз келеді. Демек, фольганың қандай мақсатта қай бетін қолдануға анықтық кірітіп алдық. 

Егер, сіз тағамды ұзақ уақыт жылы ұстауды қаласаңыз, жылтыр жағын ішіне қаратып ораңыз, керісінше, тамақ суық болсын десеңіз, жылтыр жағын сыртына қаратып ораңыз. 

Фольгаға қышқылдар себілсе реакцияланатынын ескертеміз. Демек, алюмин қағазына орайтын тамағыңызға лимон суын сеппегеніңіз абзал. Әйтпесе, реакция нәтижесінде алюминий ағзаңызға жиналып, денсаулығызға зиян жеткізеді.

Т. Раушанұлы