Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Егер күн өтсе...

Егер күн өтсе...

Егер күн өтсе...

Күн өту – ол ағзаның қызып кетуі. Ол түрлі себептерден тууы мүмкін: өте жоғары физикалық жүктеме, ыстық, су жетіспеушілігі және т.б. Бастысы – оны уақытында анықтау. Мұндай жағдайда не істеу керек?

Егер сізде мына жағдайлардың бірі бола бастаса, термиялық таусылу басталды. 

1. Суық, өте құрғақ немесе өте ылғал тері;
2. Қызару немесе бозару;
3. Бас айналу;
4. Бағыттан адасу және сана шатасуы;
5. Көздің қараюы;
6. Бас ауруы;
7. Жүрек айну, құсу;
8. Жүрек соғысының жиіленуі;
9. Қара зәр.

Бұл ыстық өтудің алдында болады, сондықтан жылдам салқындау керек. Күн өткен кезде дене температурасы көтеріледі, жасушалар ретсіз қозғала бастайды. Ми ісінеді, соның себебінен жеке нейрондар жұмыс істеуді тоқтатады. Ми жасушалары бүкіл денеге белгі бермегендіктен, ағзалар қажетті ақпаратты алудан қалады және қалыпты жұмыс істей алмайды.

Белгілері:

- Жоғары температура;
- Қиын тыныс алу;
- Қатты құсу;
- Құрысу;
- Талып қалу;
- Елестеушілік.

Ыстық күндері дәрігерлер мынадай қарапайым ережелерді сақтауға кеңес береді:

- Кең тұратын ашық түсті киім киіңіз;
- Ыстықта жаттықпаңыз. Барлық физикалық белсенділікті таңертеңге немесе кешке қалдырыңыз;
- Әр жерге өзіңізбен бірге су алып жүріңіз және оны көп ішуге тырысыңыз;
- Кофе, газдалған сусын және алкоголь ішуді азайтыңыз. Олар керісінше, ағзадан сұйықтықты шығарады;
- Бас киім киіп жүріңіз.

Алғашқы көмек

1. Егер сізге немесе басқа біреуге күн өтсе, жедел жәрдем шақырыңыз;
2. Ол келгенше зақымданған адамды салқын жерге жатқызып, үстіне суық су құйыңыз. Мүмкіндік болса, оның үстіне мұзы бар пакеттер қоюға болады. Егер талмаған болса, көбірек су беріңіз;
3. Киімін шешіңіз;
4. Орамалды суық сумен сулап, маңдайына қойыңыз.

Егер уақытында бәрін дұрыс істесе, зақымданған адамның жағдайы жақсарады. Бірақ сонда да қан мен зәрге анализ тапсырған жөн.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 02 тамыз 2018, 14:08

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.