Сіңір созылғанда көрсетілетін алғашқы көмек

Сіңір созылғанда көрсетілетін алғашқы көмек

Сіңір созылуы – буын сіңірінің жарақаттанып зақымдануы. Көбіне жіліншік тобығының сіңірі жиі созылады.

Сіңір созылуының белгісі – зақымданған жер қатты ауырады (көбіне ертесі ауырады), ісіп кетеді. Сондай-ақ сіңір созылған жерге қан ұйиды.

Сіңір созылған жерге салмақ түсіруге болмайды. Тобықтың немесе тізенің сіңірі созылса, сырқаттың сіңірі созылған аяғын жоғары көтеріп жатқызу керек. Сіңір созылған жерге алғашқыда мұз басады. Оған грелка қоюға, жылы компресс жасауға болмайды. Өйткені жылу қан құйылуын ұлғайтып, ауруды күшейтеді, асқындыруы мүмкін. Қан құйылуын азайтып, ауырғанын басу үшін зақымданған буынды қан айналымы бұзылмайтындай етіп орап тастайды.

Сіңір созылғаннан күннен бастап 3 тәулік өткеннен кейін аяққа күніне 1-2 рет жылы ванна және массаж жасауға болады. Ваннадан кейін буынды қайта таңып тастау керек.

Сіңір бір созылғаннан кейін оның екінші рет қайталануы мүмкін. Осыны естен шығармау керек. Сіңір созылуын сүйектің жарықшақтанғаны немесе сынғанынан ажырату өте қиын болғандықтан дереу дәрігерге көріну қажет.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар Арктикадағы барлық мұз 2035 жылға қарай еріп кететінін айтты
Ғалымдар Арктикадағы барлық мұз 2035 жылға қарай еріп кететінін айтты
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады