Менингит ауруынан сақтану

Менингит ауруынан сақтану
Фото: Twitter

Алматы қаласында менингококк инфекциясы тарап кеткені баршаға белгілі. Украиналық білікті балалар дәрігері Евгений Комаровскийдің айтуынша бұл тек биыл шыққан не Қазақстанда ғана тарап жатқан ауру емес. Жыл сайын түрлі өңірде биылғы көрсеткіштен де көп адам осы аурудан қаза табады. Сақтану үшін жай ғана күтіну, тазалық пен таза ауа қажет. 

Аурудың алғашқы белгілері:

• әлсіздік;
• бозару;
• бөртпе;
• тәбет төмендеуі;
• шөлдеу, құсу;
• аяқ-қол, арқа ауыру;
• бас ауыру;
• температура көтеріліп, қалтырау;
• мойнын артқа қарай шалқайту;
• жарық пен қатты дыбыстан қорқу;
• сандырақтау;

Егер осы белгілердің бірі кездескен жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз. Дер кезінде анықталған ауру міндетті түрде емделеді. Ал ауырмаудың жолын іздеу үшін:

Ең алдымен иммунитетіңізді күшейтіңіз. Уақытылы ұйқыңызды қандырып, мерзімімен дұрыс тамақтанып, физикалық жаттығуларды да назардан тыс қалдырмаңыз. Кемінде аптасына 3-4 рет денеңізді шынықтырып отырсаңыз, сізге еш ауру жолай алмайды. A, C, E және D дәрумендері ми қабынуының алдын алуға жақсы көмектеседі. В тобының дәрумендері иммундық және жүйке жүйесін жақсартады. Балық майы мен басқа да майлы қышқылдар қабыну деңгейін төмендетіп, иммунитеттік жүйені қоректендіреді.

Ауру белгілері бар адамдардың жанында қорғаныс құралдарын қолданыңыз. Көпшілік жиналған орындарда аузы-мұрнын жаппай түшкіріп, жөтеліп отырған адамды байқасаңыз, маска таққаныңыз дұрыс. Ал кинотеатр секілді 2-3 сағат бойы ауасы желдетілмей, жабық тұратын жерлерге мүлде бармауға тырысыңыз. Бактерия ауру адаммен тығыз жанасқан кезде ғана жұғады, ал 1 метрден алшақта орналасқан адамнан инфекция жұғуы екіталай, сондықтан ашық алаңқайда маска тағудың қажеті жоқ.

Қолыңызды жиі-жиі жуып отырыңыз. Жұмыстан кейін, лас объектілерді ұстағанда, көпшілік жиналатын жерге барғанда, үй жануарларымен ойнағаннан кейін міндетті түрде қол жууды әдетке айналдырыңыз. Бактериялар теріге не адамның басқа да мүшелеріне ену арқылы да ауру туғызуы мүмкін.

Тазалық сақтаңыз. Жұмыс үстелінің үстін, ас үй үстелін тағы да басқа адамдар жиі жанасатын жерлерді зарарсыздандырып, сүртіп алыңыз. Бөлмені жиі-жиі желдетіп, терезені ашып алыңыз. Бұл әдіс те инфекция таралуының алдын алады.

Тамағыңыз толықтай піскеніне көз жеткізіңіз. Кейде қаны шығып тұрған не шала піскен етте бактерия кездеседі. Жоғары температурада дұрыс піскен тағамнан ләззат алуды үйреніңіз.

Екпе жасатыңыз. Өз еркіңізбен ақылы түрде екпе жасатып алсаңыз, сенімді түрде жүресіз. Байқаңыз, бір аурудан қашамын деп, екіншісіне ұрынып қалмаңыз. Оның үстіне ауру А, B, C деген секілді әртүрлі инфекциямен таралады, олардың әрайқсысына қарсы жеке вакцина бар, оның барлығын бірдей еккізу мүмкін емес, көмегі шамалы болмақ.

ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі республикалық және облыстық көлемде менингит ауруына қатысты барлық сұраққа жауап беретін анықтама телефондарын жариялады. Бұл жерде инфекция және эпидемиология мамандары сіздердің көкейіңізде туындаған сұрақтарға жауап беруге тәулік бойы қызмет етеді. 

Республикалық анықтама орталығы: 8 /7172/ 554900
Астана қаласы: 1430
Алматы қаласы: 8 /7273/ 000 103
Алматы облысы: 8 /7182/ 411-212
Ақмола облысы: 8 800 080 6481
Ақтөбе облысы: 8 /7132/ 907 070, 8702 5020093
Атырау облысы: 8 /7122/ 98-02-92, whatsApp 8 778 007-20-21
БҚО: 8 /7112/ 24-00-06
Жамбыл облысы: 8 /7262/ 555-160
Қарағанды облысы: 8 /7212/ 955-559
Қызылорда облысы: 8 / 7242 / 400-001
Қостанай облысы: 8 /7142/ 393 777
Маңғыстау облысы: 8 702 0292929
ОҚО: 8 /7252/ 39-31-60
СҚО: 8 800 808103
ШҚО: 8 /7232/ 70 11 31 

@. @assel_assanova