Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Бауырға ұнайтын тағамдар

Бауырға ұнайтын тағамдар

Бауырға ұнайтын тағамдар

Адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі және астағы дәрумендерді бүкіл ағзаға үлестіріп отыру – бауырдың негізгі қызметі. Бүгінгі заманда бауыр ауруларынан зардап шегетіндер саны артып келеді. Оның бір себебі нашар экология болса, тағы бір себебі ақпараттық заманда адамдардың үнемі асығыс жүріп тамақтануы, фаст-фудтық тағамдарға деген ерекше құмарлық. Бауырды сау ұстау күндіз өзімізді сергек сезініп, өнімді жұмыс істеудің, денсаулықтың кепілі. Назарларыңызға бауырға пайдалы бірнеше тағам түрлерін ұсынамыз.

● Бал. Бауыр бұл тәттіні өте жақсы көреді екен. Бал – табиғаттың бізге сыйлаған ең жақсы шырыны. Ол асқазанда өте жеңіл қорытылады.

●Сарымсақ. Бауыр ферменттері жұмысын жақсартады. Құрамында бауырды тазалайтын аллицилин мен селен элементтері бар.

● Көк шай құрамында бауыр мен бүкіл ағзаны қалдықтардан тазалайтын катехин элементі бар. Регенерациялық қызметі бар, адамды жасартуға көмектеседі.

● Авокадо құрамында бауырды тазалайтын глутатион элементі бар. Тұрақты тұтыну арқылы бауыр тінін жақсартуға болады.

● Алма бауырды зиянды заттардан қорғайды.

● Зәйтүн майы. Салқын күйінде сығылған зәйтүн майы ағзаны токсиндерден тазартып, ең қажетті қоректі заттармен қамтамасыз етеді.

●Көк шөптер: аскөк, балдыркөк, насыбайгүл, ақжелкен. Ағзаға қажетті дәрумендер береді, улы заттарды шығаруға көмектеседі.

●Куркума – зімбір өсімдігінің бір түрі. Одан жасалған дәмдеуіштер теріңізді жасартып, ағзаны бағалы заттармен қамтамасыз етіп, бауырды тазалайды.

●Жаңғақ. Ингредиент аминоқышқылдарға бай. Құрамында бауырдың жақсы жұмыс істеуіне көмектесетін глютен және омега-3 май қышқылдары бар.

● Грейпфрут. Бауырдың жұмыс істеу сапасын жақсартады.

● Балық. Бауырға омега-3 май қышқылдарын жеткізеді.

0
Рейтинг: +1

Фото: gualeguaychu.gov.ar
Қосылған күні: 06 маусым 2018, 11:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.