Иммунитетті сақтайық!

Иммунитетті сақтайық!

Күз суық күндерге қоса жөтел, дене қызуының көтерілуі сынды ауруларды әкеледі. Оларға бой бермей, сақтанып, күзді аман-есен өткерейік.

Дәрумендер

Дәрумендер иммунитетті берік қылып, түрлі аурулардан сақтайтыны бәрімізге мәлім. Дәріханадағы бір де бір синтетикалық поливитамин табиғи дәрумендерді алмастыра алмайды. Ал күз нағыз дәрумендер мезгілі емес пе? Жаңа піскен көкөністер мен жемістерді жеп, табиғи шырындар ішіңіз. 

Ет пен сүт өнімдері

Ет пен сүт өнімдері антиденелер өндіретін амин қышқылдарының қайнар көзі. Ал олар тыныс жолдарының ауруларымен күреседі. Күнде ет сорпасын ішкен дұрыс. Таңғы асқа сүзбе, ірімшік жеуді әдетке айналдырыңыз. 

Қолыңызды жиірек жуыңыз

Күзгі аурулар көбінесе жұқпалы болады. Сондықтан қолды мүмкіндігінше жиірек жууға тырысыңыз. 

Түс терапиясы

Түстердің адам көңілі мен денсаулығына әсері белгілі. Күзде көңіліңізді көтеру үшін, жарқын сары-қызыл, жасыл түсті киімдер таңдаңыз. Бұл түстер бойыңызды сергітіп, стрестен арылтады, ағзаның қорғанысын күшейтеді.

Түймедақ шайын ішіңіз

Бұл шай нағыз дәрумендер жиынтығы. Екі шай қасық шөпке бір стақан қайнақ су құйып, бұқтырыңыз. Күніне екі рет: таңертең және кешке ішуді әдетке айналдырсаңыз, талай қиындықтардан арыласыз. Бұл дауа жүйкеңізді тыныштандырып, иммунитетті жақсартады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: subscribe.ru

С. А