Өмірді ұзартатын 4 спорт

Өмірді ұзартатын 4 спорт
Фото: nastanova.com, vesti.kz

Спортшының айналысып жүрген спорты оның денсаулығы мен өмір жасына тікелей әсер етеді екен. Мұны 1994 жылдан 2008 жылға дейін жүгізген зерттеушілер тәжірибесі дәлелдей түседі. Оған 30 жастан асқан 80 мың адам қатысыпты. Тәжірибе кезінде барлығы өздеріне берілген спорт түрлерімен айналысып және арнайы физикалық жаттығулар жасау керек болған. 

Тәжірибе нәтижесіне сәйкес, белгілі бір спорт түрімен айналысқандардың денсаулық жағдайы, физикалық дайындығы жақсы деп бағаланып, ауруға шалдығу ықтимадығы аз болған. Сәйкесінше, өмір жасының ұзаруына да әсер еткен. Ендеше, өміріңізді ұзартатын 4 спорт түрімен таныс болыңыз. 

1. Теннис немесе бадминтон (ракеткамен ойналатын кез келген ойын) 

Ғалымдар пікірінше, теннис, скуош және бадминтон ойындары адам денсаулығына едәуір пайда тигізеді. Қол белсенділігі жоғары болатын бұл ойындарда жүрек қағысы еш дамылдамай, өкпе мен бұлшықеттер әрдайым жұмыс істейді. Доктор Чарли Фостер, Оксфорд университетінің профессоры 
Бадминтон мен теннис физикалық тұрғыда ғана емес, адамның психикалық жағдайына да оң әсер етеді. 
Тәжірибе нәтижесі бойынша, ракеткамен ойналатын ойындар өлім ықтималдығын 56 %-ға дейін төмендетеді екен. Бұл өзге спорттарға қарағанда едәуір үлкен көрсеткіш. 

2. Аэробика 

Аэробика – тұрақты дене қозғалысы мен қарқынды қимылдардың жиынтығы. Оған би, гимнастика, асықпай баяу жүгіру сияқты спорт түрлерін жатқызуға болады. Ғалымдардың анықтауы бойынша, аэробикалық спорт түрлері өлім ықтималдығын 56 %-ға дейін төмендетеді. 
Біздің ұйғарымымызға сәйкес, спортпен шұғылданудан өзге денсаулыққа әсер ететің нақты жаттығуларды білген жөн. Оларсыз спорт түрінің өнімділігі төмендеуі мүмкін. 
Жастар да, егде тартқан адамдар да аэробикамен айналыса алады. Егер велосипед айдау мүмкін болмаса, жаяу жүрудің өзі біршама физикалық белсенділікке әкеледі. 

3. Жүзу 

Жүзу спорты бүкіл дененің шынығуына себеп болады. Жүзу кезінде адамның буындары емес, тек бұлшықеттері белсенді жұмыс істейді, адам артық салмақтан арылып, жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайтады. Жарақаттан айығып келе жатқан немесе отадан қалпына келе жатқан адамдар үшін жүзу таптырмас спорт, себебі мұнда артық жарақат алу қаупі жоқ. Тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, жүзумен айналысатындар өлім ықтималдығын 41 %-ға дейін төмендетеді екен. 

4. Велоспорт 

Велосипед айдау аяқ, жамбас, іш-қарын, қол, иық бұлшық еттерін шынықтырып, буындардың иілгіштігін қамтамасыз етеді. Одан қалды, басқаштарды әрдайым айналдырып отыру бақыт гормонының бөлінуіне себеп болады екен. Велоспортпен жиі айналысатындар немесе жұмысқа велосипедпен баратындардың өмірі 15%-ға ұзақ болады және жүрек-қан тамырлары аурулары мен обырға шалдығу ықтималдығы 28%-ға төмендейді. 

Зерттеушілердің айтуныша, кез келген физикалық белсенділік адамның өмір сапасына және ұзақтығына әсер ететін басты фактор. Бұл зерттеулер сіз бокспен айналысып жүрсеңіз оны тастап велоспортпен шұғылдануға итермелейді, керрісінше физикалық белсенділігі төмен адамдарды спортқа үгіттейді.

Massaget.kz