Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Ана сүтін сиыр сүтімен алмастыруға бола ма?

Ана сүтін сиыр сүтімен алмастыруға бола ма?

Ана сүтін сиыр сүтімен алмастыруға бола ма?

Ана сүті – табиғаттың берген ғажайып сыйы, сәби үшін ең мінсіз қорек. Оның құрамында баланың өсуі мен дамуына қажетті қоректік заттар, ферменттер және ең маңыздысы- ақуыздық байланыстар сынды барлық компоненттер бар. Дәл осы ақуыз – жасушалардың, ферменттер мен гормондардың негізгі құрылыс материалы.

Сәби өзін қауіпсіз сезінуі үшін анасымен тығыз байланыста болуы керек. Емізу — сол байланысты орнатудың ең жақсы тәсілі. Әр ана баласына ең үздігін бере алады. Себебі әр ананың сүті бала ағзасының қажеттіліктеріне қарай бейімделіп отырады. Мұндай композицияны жаңадан ойлап табу немесе қайталау мүмкін емес!

Сәбидің ас қорыту жүйесі толық қалыптаспаған, алайда ол ана сүтіндегі ақуызды жақсы сіңіреді.

Жоғары сапалы ақуыздың сәби өміріндегі маңызы қандай?

  • Тұрақты өсу — бұл балаңызға нағыз керегі. Сәбиге сүтпен берілетін ақуыз оның физикалық өсуі мен салмағына әсер етеді.
  • Жоғары сапалы ақуыздар ас қорыту жүйесін демейді және сәбидің жетілмеген мүшелеріне түсетін салмақты азайтады.
  • Медициналық зерттеулердің нәтижесі бойынша, кейбір жоғары сапалы ақуыздар аллергияның даму қаупін төмендетуге көмектеседі.
  • Жоғары сапалы ақуыздар сәбидің табиғи иммундық жүйесін нығайтады. Олар сәбидің ішегіндегі бифидобактерияларға жайлы орта қалыптастыруға көмектеседі.
  • Ақуыз мөлшері сәбидің болашақ денсаулығына әсер етуі мүмкін. Бұл туралы сарапшылар жақында зерттеу жүргізген екен. Қажетті мөлшердегі ақуыз баланың мектеп жасында семіру қаупін төмендетеді.

Ана сүтіндегі ақуыздың қандай ерекшеліктері бар?

Ана сүтінде көп мөлшерде сарысу ақуызы, аз мөлшерде казеин және қорыту процесін жеңілдететін жартылай ыдыратылған ақуыздар мен ферменттер болады. Сарысу ақуызы асқазанда тамаша қорытылады, ал оның емшек сүтіндегі казеинмен ара қатынасы 70/30-ды құрайды. Ақуыз құрамына кіретін аминқышқылдар деңгейі емшек сүтімен үйлесімді. Осылайша, емшек сүтінің ақуызы сәбиге арналған үйлесімді мөлшерімен, сонымен қатар жоғары сапасымен ерекшеленеді. Дәл сол себепті сәбиге ана сүтінен асқан нәрлі тағам жоқ.

Алайда ана сүті аз болатын немесе тартылып қалатын жағдайлар кездеседі. Мұндайда сәбидің қарны тоймай мазасыздануы мүмкін. Одан бөлек салмақ қоспау және баяу даму қаупі бар. Көп жағдайда жас аналар емшек сүтін сиыр сүтімен алмастырып жатады. Олар екі сүттің құрамының бірдей екеніне сенімді.

Сиыр сүтінің сәби ағзасына әсері қандай?

Табиғи сиыр сүті өсіп келе жатқан бала үшін пайдалы әрі нәрлі заттектердің қайнаркөзі деп есептеледі. Расымен, сиыр сүтінде пайдалы және нәрлі заттектер көп, бірақ бұзау үшін ғана пайдалы. Ал сәбидің нәзік ас қорыту жүйесі үшін сиыр сүті ауыр болады.

Екі жасқа толмаған балалар үшін сиыр сүті несімен қауіпті?

  • Сиыр сүтінде сарысу ақуызының казеинмен ара қатынасы 20/80-ді құрайды, ал ақуыз мөлшері — емшек сүтінен 3 есе артық! Бұл сәбидің нәзік ас қорыту жүйесі үшін тым ауыр. Сәби рационында ақуыздың шамадан тыс мөлшері зат алмасудың бұзылуына, тез өсуге және семіруге әкелуі мүмкін.
  • Минералды заттектер сәби ағзасына қажетті мөлшерден айтарлықтай көп. Олар бүйрек жұмысын қиындатады, ал шамадан тыс ақуыз қандағы инсулин деңгейін арттырады.
  • Сиыр сүтінің құрамындағы ақуыз — ең мықты аллергендердің бірі.

Сондықтан емшек сүтін сиыр сүтімен алмастыру және қаймағы алынбаған сиыр сүтімен 2 жасқа дейінгі сәбилерді тамақтандыру ұсынылмайды. Анасы сәбиіне бере алатын ең үздік азық — бұл емшек сүті!

Дереккөз: baribar.kz

Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 15 сәуір, 17:57
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.