Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Көз көңілдің ғана емес, тән сырқатының да айнасы

Көз көңілдің ғана емес, тән сырқатының да айнасы

Көз көңілдің ғана емес, тән сырқатының да айнасы

Жасы 90-нан асса да, сергек, көңілді жүретін қариядан әлдекім себебін сұрапты. Сонда қарт:
Дүниенің бар ауыртпалығы бір басыңа төнгендей тұнжырап, екі иығыңды түсіріп жүру де қиын емес. Сосын: «Бүгінім кешеге ұқсамайды. Ертеңімді жөнді қарсы алу үшін бүгінімді мазмұнды етіп, қуанып өткізуім керек», – деп өзіме шарт қоямын. Солай өткіземін де, – депті.

Шынайылықтың, мөлдірліктің айна-қатесіз көрсеткіші – адамның қос жанары. Дүниеде ең қымбыт, ең асыл, ең аяулы затты аманат етіп қалдырғанда «көзіңнің қарашығындай сақта» деп жатады емес пе? Бұдан қос шырақтың бағасын, оның қадір-қасиетін бағамдау қиын емес. Адамның қос жанары – табиғаттың бізге берген өлшеусіз сыйы. Ендеше көздің адам ағзасында алар орны ерекше.

Көз – адамның айнасы. Адамның миымен жалғасқан мүшесінің бірі де осы көз. Әр адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап көзінің қарашығы, мөлдір қабығының түсі әр түрлі болады. Адамның ағзасы бір-бірімен жалғасқан. Сол себепті көзге қарап адам бойындағы барлық ауруларды анықтауға, әсіресе, көздің мөлдір қабығынан білуге болады. Көздің мөлдір қабығы біреулерде тұнық болса, екіншілерінде дақтар болады, ал тағы біреулерінде көздері шығыңқы немесе мүлде ішке кіріп орналасқан болады. Осыған қарап адам бойындағы бел, асқазан, диабет, демікпе, қаннан берілетін аурулар, иммунитет күшін анықтауға болады екен. Егер көз қарашығының айналасында әр түрлі дақтар (сары, қызғылт, сұр) болса, ол адамның шаршағанын, иммунитетінің өте төмендігін білдірсе, қара дақтар ағзаның зақымданғанын, қоңыр дақтар ағзаныңбұзылуын яғни шлакқа толғанын білдіреді. Көздің мөлдір қабығы тұнық болған сайын адам бойындағы аурулардың жойылғанынан дерек берсе керек.

Көздің түсі әр адам бойындағы қасиетін, мінезін, ауруларын білдіреді. Ертеде халық емшілері адам көзіне қарап және тұрғылықты орнына қарай адамның қасиеттері мен сезімталдығын және ауруларын анықтап айтып отырған. Мәселен, қоңыр көзді адамдар көңіл-күйі жоғары, бірақ сезімтал келеді. Олар суыққа көп төзе алмайды, ауруды тез қабылдайды. Психологтар оларға солтүстік өңірге қоныс аудармауға кеңес берген. Көк көзді адамдар өте сезімтал болады. Олар әсіресе, асқазан ауруларына тез шалдығады. Ал оларға керісінше жылы аймақта өмір сүру қолайсыз. Өйткені, күннің көзінде көп жүріп қалса аллергия болып, көз ауруларын тез қабылдайды. Көздің қызаруы қан қысымының жоғарылауын білдіреді. Ал көздің ағындағы қызыл дақтар жүйке жүйесінің жұқаруына дерек береді. Көздің көп жасаурауы ағзада калийдің аздығын білдірсе, қабақтың көп тартуы магнийдің аздығын білдіреді. Көздің астының қараюы бүйрек және жүрек ауруларын айқындайды, көздің астының ісінуі жүрек, қан тамыр, аллергиялық ауруларын білдіреді. Көздің айналасындағы қастың ортасындағы әжімдер сіздің бауырыңыздың дұрыс жұмыс жасамайтынын анықтайды.

osken-onir.kz

Рейтинг: +0

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: osken-onir.kz
Қосылған күні: 14 сәуір, 15:04
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.