Ет жеуді азайту асқазан обырының алдын алады

Ет жеуді азайту асқазан обырының алдын алады

Қызыл етті асқа пайдалану ішектің қатерлі ісігін, ал тұз - асқазан обырын тудырады. Денсаулық сақтау минисрлігінің бас онкологы Диляра Қайдарова қатерлі ісіктен сақтанудың жеңіл жолдарын айтты.

"Америкада темекі шегумен күрес өкпе обырынан өлім-жітім көрсеткішін 20-30% төмендетті. Қызыл етті пайдалану ішек обырын азайтады. Бүгінде бізде ерлер мен әйелдер арасындағы ішек обырының көрсеткіші екіден беске дейін артты. Тұзды пайдалнуды азайту асқазан обырының көрсеткішін төмендетуге септеседі. Б гепатитінің алдына алу екпесі бауыр обырының алдын алуға септеседі. HPV вирусына (папилома вирусы) қарсы қыздарға жасалатын екпе жатыр обырын төмендетуге мүмкіндік береді. Ал жатыр обыры бойынша көрсеткіш жоғары болып тұр", - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова. 

Оның айтуынша, қоғамда онкологиялық ауруларға деген көзқарас біржақты емес, халық арасында оны жаман ауру деп атайды. Дәрігер онкологияға бұлай емес, бүкіл әлемдегідей созылмалы ауру ретінде қарау керектігін айтады. Соңғы 20 жылда әлем бойынша онкологиялық аурулар көбейген. Қазақстанда бұл көрсеткіш 1,5 есеге артқан. Бұл дертке қазақстандықтардың 36% шалдығып, 15% одан көз жұмады екен. 

"Әйелдердің шалдығуы көбірек болады, өйткені сүт безінің обырына шалдығу деңгейі жоғары. Ерлер арасында өкпе, асқазан, колоректалды обыр жиірек кездеседі", - дейді.  Сонымен қатар, дәрігер обыр анықталған адамдардың 70% еңбек жасындағы адамдар екенін айтады.  "Мемлекет үшін келетін шығын жылына 20 миллиард теңге. Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында көрсеткіш жоғары", - дейді онколог. 

tengrinews.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бауырдың қабынуы
Бауырдың қабынуы
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда