Сәуірдегі сәтті күндерді біле жүріңіз

Сәуірдегі сәтті күндерді біле жүріңіз
Фото: Иль де Ботэ

Астролог мамандардың пайымдауынша, 2, 5, 6 сәуір мен 9-16, 20-22, 25-28 сәуір аралығында геофизикалық бел­сенділік артады. Ол циклон, дауыл сияқты табиғи құбылыс­тар мүм­кіндігін арттыр­мақ.

5 сәуірде Ай мен Плутон әсері күшейеді. Бұл кезде адам­дарда шаршап-шалдығу, қуат азаюы байқалады. Буын мен сүйектер ауырып, несеп-жыныс жүйе­сінде, теріде, тісте, құлақта қалыпсыздықтар бой кө­теруі ықтимал. Жарақат алып қалудан сақтану керек. Дене шынықтырған, денсаулықты нығайтатын шаралар жасаған тиімді.

6 сәуір – Айдың ши­регі. Бұл кезде атмосфералық қы­сым, температура жиі құбылады. Мұндайда адамда жасы үлкендермен әңгімелесуге ынты­ғу, жалғыздықты сезініп жабырқау, парыз бен жауапкершілік сезім тереңдеуі мүмкін. Тірек-қимыл мүшелеріндегі, тіс пен терідегі созылмалы аурулар ушығады, суықтаудан болған дерт кү­ше­йеді. Сондықтан суық тигізіп алудан, омыртқаға артық салмақ түсіруден сақтану керек.

10 сәуірде Ай мен Нептун әсерінен атмосфералық қысым мен температура қалыпсыздығы күтіледі. Жаңғалақтық, жүйкелеу, ширығу орын алады. Қан, жүйке жүйесі, аяқ, буын тамырлары, көз-құ­лақ аурулары бой алуы мүмкін. Күйзелістің зияны күшейеді. Аяққа, тізеге, көзге артық салмақ түсуінен, жарақат алудан сақтаныңыз.

11 сәуірде Ай мен Юпитер әсері күшті. Неврологиялық, психологиялық ауытқулар, жұқпалы ауруларға, домбығып-ісінуге, бауыр, табан ауруларына бейімдік байқалады. Сондықтан аяққа көп салмақ тү­сір­меу керек. Ісініп-домбығуға бейімділік болса, сұйықтықты көп ішуден тартынған дұрыс. Ұзақ уақыт бір орнында тұрған немесе жүрген адам аяғын 20 минут жоғары ұстағаны пайдалы. Табанға массаж, гимнастика жасаған жөн.

12 сәуірде Ай мен Уран әсері салдарынан атмосфералық қысым мен температура құбылады. Ашушаңдық, тітіркен­гіштік, бас ауруы, ұйқының қалыпсыздығы, аяқ буындарындағы ауырсыну,  күстенуден ауырсыну сезіледі. Оған жүйке жүйесінің ширығуы себеп. Құ­лау­дан, жарақат алудан сақтану керек. Ой еңбегімен, шығармашылықпен айналысқан пайдалы.

14 сәуірде Ай жаңарады (туады). Бұл кезде ашушаңдық, ызақорлық, төзімсіздік, ұс­там­сыздық орын алады. Бас­тың, көздің, тістің, есту органдарының созылмалы дерттері ушығады, ұйқы нашарлайды. Теме­кіден, кофе, шоколадтан, майлы, ауыр тағамнан, ширық­тыратын сусындардан абай­лау керек. Көзге артық салмақ түсірмеу керек. Ұрыс-керістен, жарақат алып қалудан, оттан сақтанған абзал.

16 сәуірде Ай, Меркурий, Шолпан әсерінен мойын, тамақ, тіс, құлақ, эндокриндік және жүйке жүйелерінің аурулары қо­зады. Буындар ауыруы, әл­сіреу, сөйлеудің қиындығы байқалуы мүмкін. Суықтау, ангина бой алуы, сапасыз тағамға реакция күшеюі ықтимал. Су процедураларын қабылдап, азықты аздап тұ­тыну керек. Транс­порт­та сақтық ере­желерін есте ұстау керек.

21 сәуірде атмосфералық қысым мен температура ауытқуы жиілейді. Адам ашулы болуы мүмкін. Жүрек, тамыр, арқа, тері, радикулит мазалауы ықтимал. Ұйқысыздық туындауы мүмкін. Дене шынықтырумен айналысқан, та­за ауада жиірек жүрген, уақтылы тыныққан дұрыс. Ауыр салмақ көтермеу, күшті үнемдеу, ой еңбегімен ағзаны шаршатпау керек.

22 сәуірде Ай мен Марс әрекеттесуінен жүрек, бас, арқа, радикулит аурулары мазалауы, ұйқысыздық қинауы мүмкін. Ұзақ сапарға шықпаңыз, тым көп серуен құрған да артықтық етеді. Күйзелістен, ұрыс-керістен, ауыр сал­мақ көтеруден абайлау керек. Жүрек-қан тамырларына салмақ түсірмеу керек. Жақын адамдарға көңіл бөліңіз. Оларды мақтаңыз, қолдап-қуаттаңыз. Балаларға, шығармашылыққа уақыт бө­ліңіз, се­руендеңіз, дене жаттығуларын жасаңыз, қыдырыңыз.

25 сәуірде Ай мен Сатурнның әрекеттесуі ширығу, өзгелермен сөзге келу, ұқып­сыз­дық, тым талапшыл, сыншылдық, ақшаны орын­сыз жұмсау орын алуы мүмкін. Асқазанның, бүй­­ректің, несеп-жыныс жүйе­сінің, бауырдың, тірек-қимыл мүше­лерінің созылмалы аурулары ушы­ғуы ықтимал. Диета сақтау, тәттіні, ащы, өткір дәмді, ауыр тамақты және ішімдік, кофені көп ішпеу керек. Сапалы тағамдарды тұтынған жөн. Жағдай нашарласа, тексе­рілген дұрыс. Бұл кезде жоспар жасап, жаңа іс бас­тау, қолдан келмес іске уәде беру де дұрыс болмайды.

28 сәуір – Ай Жер мен Меркуриймен әсер­леседі. Ұқыпсыздық, ашушаңдық, кү­мәншілдік, қорқыныш се­зімі бой алуы мүмкін. Асқазан, несеп қабы, тік ішек­тің созылмалы дерт­тері ушы­­ғуы ықтимал. Үй шаруасымен, дене шынықтырумен, интеллектуалдық еңбекпен айналысқан пайдалы. Ма­ңызды мәсе­ле­лерді кейінге қалдыра тұрған дұрыс.

1, 3, 8, 18, 23, 30 сә­уір күндері әлсіздік, қуат­тың кемуі байқалуы мүмкін. Ағзаға салмақты азай­тыңыз, демалысқа уақытты көбірек бөліңіз.

zamana.kz 

Н. Үсенова