Оқи отырыңыз

Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз.

Автор: Қаныш Сәтбаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Ағза қуатын арттыратын жеміс

Ағза қуатын арттыратын жеміс

Ағза қуатын арттыратын жеміс

Жеміс-жидектердің ішінде ағзаға өте пайдалыларының бірі – жаңғақ, оның түрлері. Бұлардың қай-қайсысы болса да витаминге, минералдарға бай. Тағы бір артықшылығы – оны ұзақ сақтауға болады, ол өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтпайды.

Халық емшілігінде жаңғақ түрлерін жиі қолданады. Одан түрлі тұнбалар жасайды, қабығын да, ішіндегі перделерін де, жапырағын да емге пайдаланады. Мысалы, піспеген кезіндегі сыртқы жас қабығын сыдырып, суға, спиртке тұндыру арқылы жасалған дәрмекті суықтағанда, зобқа, тері ауруларына, ішек дерттеріне қарсы пайдаланады. Әрине, әр дәрмектің өзіндік рецепттері бар.

Кәдімгі грек жаңғағының бел қуатын арттыратынын жұрт ежелден біледі. Жаңғақты үнемі тұтын­ған адамда витамин, минерал жетіспеушілігі деген болмайды. Ол адамды стрестен де қорғайды. Жаңғақ құрамындағы цинк жыныс бездерінің жұмысын жақсартады, тестостерон түзілуін реттейді. Кальций мен магний тестостерон түзумен қатар ұрық түзілуін арттырады. Ол қуықасты безін аденомадан қорғайды.

Жаңғаққа қатысты еркектерге керек рецеп­тердің бірі мынадай: 12 дана жаңғақты, 200 грам­дай құрғақ інжірді, мейізді және қара өрікті уақтап, бір ыдыс­қа салады да, тоңазытқышта сақтайды. Оны күнде кешкісін екі ас қасықтан жеп тұру керек. Артынан кефир ішеді.

Сондай-ақ ұсақтап туралған жаңғақ, кептірілген өрік, мейіз, асқабақ дәнін, лимон қабығын, сұйық мөлдір балды араластырып жеп тұрса да болады.

Жаңғақтың әйел ағзасындағы гормондық фон­ға да оңды әсері мол. Оны көп қан жоғалтқанда, босанғаннан, операциядан кейін, «айлық қонақ» қалыпсыздығына, бедеулікке қарсы қолдануға болады. Оның құрамындағы элементтер жыныс бездерінің белсенділігін арттырады, сүт безі обырының алдын алады, шаштың, тырнақ пен терінің ахуалын жақсартады. Оны аздап, күні бойы жеп жүрсе, тойындырады, тәбетті төмендету арқылы артық ішіп-жеп, семіруден сақтайды.

Жүкті әйелдерге фолий қышқылы, темір жетіс­пейтін алғашқы кезеңдерде жаңғақ жеген жақсы. Ол әйелге ғана емес, құрсақтағы балаға да пайдалы. Баланың жүйке жүйесінде қалыпсыздыққ туындауының алдын алады.

Сондай-ақ жүкті кезде шаранаға қаңқа сүйегін қалыптастыратын фосфор мен кальций де керек. Оны да жаңғақтан молынан алуға болады.

Жаңғақ құрамындағы кальций мен магний айы-күні жақындаған жүкті әйел ағзасындағы артық сұйықты қуады. Сол сияқты, бала емізетін әйелге де жаңғақ пайдалы, ол оның сүтін көбейтеді, құнарлы етеді.

Ең бастысы, жаңғақты тым көп жеп қоймау керек. Бір күнге әрі кетсе 7 жаңғақ жеткілікті.

Жаңғақты семіз адамдар, оған аллергиясы барлар, қанының ұйығыштығы жоғары жандар, ұйқы безі қабынғандар, ішек жұмысы бұзылғандар жеме­гені жөн. Бұл проблемалардан арылып барып қана қолданған дұрыс. Ескіріп қалған немесе тым көп желінген жаңғақ дені-басы сау адамды да әбіржітуі мүмкін.

Грек жаңғағынан бактерицидтік, қуаттандыратын, ішек паразиттеріне қарсы препараттар жасайды.

Іш қатқанда да грек жаңғағы жақсы жәрдемші. Ол қандағы холестеринді азайтады. Жүрекке, тамырларға, миға пайдалы «Омега – 3» қышқылы да жаңғақта мол. 30 граммдай жаңғақта бұл қышқылдың тәуліктік нормасы бар.

...Бүгінде әлемде жаңғақтың 300-ден аса түрі бар. Қазақстанда Алматыда, Шымкентте, Каспий бо­йында өсіріледі. Бізде грек жаңғағын ғана емес, оның басқа түрлерін де өсіруге мүмкіндік бар. Ал халық арасында жаңғаққа деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Ағзаға пайдалы, бүлінбей ұзақ сақталатын бұл өнімді алыс жақтарға, дүниенің төрт бұрышына дейін экспорттауға болады. Ең бастысы, оның денсаулыққа шипасы орасан зор.

Дереккөз: zamana.kz

Фото: Public Domain Pictures
Қосылған күні: 09 наурыз, 10:23
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.