Ұйқы безі ісігін емдеу тәсілі табылды

Ұйқы безі ісігін емдеу тәсілі табылды
Фото: 24canna

АҚШ-тағы Бингемтон университеті ұйқы безіндегі қатерлі ісік ауруы жасушаларын химиотерапия және радиотерапия әдісімен емес, біртіндеп жылыту және біртіндеп тоңазыту (термиялық абляция) әдісімен емдеу әлдеқайда тиімді екенін анықтады.

Ұйқы безінің рагы – қатерлі ісіктердің ішіндегі ең қауіпті түрлерінің бірі. Шамамен 67 адамның біреуі осы дертке шалдығады. Бұл дертке шалдыққан адамдардың 95%-ы тиімді емдеу тәсілі болмағандықтан, ажал құшады. Қарапайым емдеу түрлерінің айтарлықтай әсері болмайды, ал комбинациялы препараттар адам ағзасын улап тастайды.

Зерттеу барысында PANC-1 және BxPC-3 рак жасушалары қолданылған. Ғалымдар рак жасушаларын +45-50°С дейін ысытып, -10-20°С-қа дейін суытқан. Сонымен қатар жылу алмастырудың 2 типін үйлестіріп көрген. Жылу алмасу 5 минутқа дейін созылған. Содан кейін ғалымдар жасуша жағдайын 5 күн бойы бақылаған.

Температураны 40-45°С көтеріп, одан кейін 25°С дейін төмендету нәтижесінде рак жасушалары түгелдей өліп қалған. Ғалымдар енді рак жасушаларын алдымен мұздатып, одан кейін жылытқан жағдайда не болатынын зерттеп көруді жоспарлап отыр.

 Дереккөз: baq.kz

Н. Үсенова