Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Үй мысығынан жұғатын аурулар

Үй мысығынан жұғатын аурулар

Үй мысығынан жұғатын аурулар

Мысықты үй жануарларының ішіндегі ең тазасы деуге болады. Тіпті, ел арасында мысық жайында түрлі әңгімелер тарап кеткен. Мысықтың киесі бар деп, ауылдағы ата-әжелерімізден естісек, ертедегі Мысырда қасиетті хайуан деп есептеліп, бальзамдалып, саркофагтарда жерленетін болған.

Мысықты қолға үйрету осыдан кемінде 5000 жыл бұрын басталған. Үй мысықтарының арғы тегі Либия мысығы болып есептеледі. Ал қазіргі таңда мысықтың 80-ге жуық түрі бар. Басы үлкендеу біткен, кержік танау, барақ жүнді арсы мысығы, дене тұрқы сыптығыр, түгі тарғыл жолақтанып келген король мысығы, Ман аралының шолақ құйрық мысығы, сібір мысығы, тұқыр жүнді еуропа мысығы, түрік және сиам тобына жататын сиам, бирман, абиссин мысықтары. Мұнымен қоса, мысықтар түр-түсі, мінез-дағдысы, көз жанарының түсі және басқа да белгілері бойынша бөліне береді.

Көптеген елде мысыққұмарлардың клубтары ұйымдастырылған. Мұнда олар мысықтың тегі, түр-түсі бойынша арнайы кітапқа тіркеп отырады, сонымен қатар мысық көрмесін ұйымдастырады.

Үй мысығы – өте таза хайуан.  Табиғи қажеттер үшін пәтерде мысыққа белгілі бір орын бөліп, онда ішіне құм, топырақ немесе ағаш ұнтағы салған жәшік қою керек. Жәшікті уақытылы ауыстырып, түзге шығуға өзі сұранатындай етіп үйретуге де болады.  Ал мысықтың жүні ұзындарын күн сайын, жүні қысқаларын күн ара тарап отыру керек. Сонымен қатар мысыққа шикідей ішек-қарын, бауыр, жүрек берген пайдалы екен. Алайда ол бұзылмаған, тұрып қалмаған жас күйінде болу керек.

Мысықтан жұғатын аурулар

Мысықтың жұқпалы ауруы – жұқпалы энтерит. Ол көбіне бала мысықтарға үйір келеді. Тіпті кейде ересек мысықтар да ауырады. Дертпен ауырған мысықтың көзі жасаурап, ыстығы көтерілуден, лоқсып-құсудан, тышқақтаудан байқалады. Оның ауыр түрлері көбінесе хайуандардың өліміне алып келеді. Мұндай кезде емдеуді ветеринар дәрігердің нұсқауымен ғана жүргізу керек.

Мысықтың жұқпалы ауруларынан адамға қауіптісі: құтыру, қотыр жара, қышыма және жүнінің жидуі. Мүмкіндігінше жыл сайын мысыққа құтыруға қарсы вакцина ектіріп тұру керек. Адамды бөтен мысық тістеп немесе тырнап жарақаттайтын болса, міндетті түрде дәрігерге көрінген абзал. Ал мысықты ветеринар дәрігерге тексерту керек.

Мысықтар арасында өте кең таралған аурулардың бірі – құлақ қышымасы. Ол құлақтың дуылдап қышып қызаруымен, терінің қабыршақтанып жара пайда болуымен сипатталады. Ауру ұзаққа созылса, жара іріңдей бастайды. Мысықтың денесінде тақыр дақтар – қотыр мен теміреткіге тән, ал қабыршақ жара – жүн жидуі мен қышымаға тән. Осындай дақтар мысықта пайда болғанда ветеринарлық емдеу орнына тез арада көрсеткен жөн. Қазіргі заманғы ветеринарияда бұл ауруларды емдеудің тиімді әдістері бар.

Мысықтың жиі ауыратын тағы бір індеті – ішек-құрт ауруы. Бұл ауру байқалғанда дегельминтизациялау (мысыққа ішек-құрт ауруын жоятын дәрі-дәрмектер беру) керек. Сонымен қатар мысықты күтудің санитарлық-гигиеналық талаптарын қатаң сақтаған дұрыс және мысықты мұндай кезде қойынға алып жатуға мүлде болмайды.

Мысықты дұрыс асырамай өз бетінше қоя берсе, ол тез жабайыланып, үй хайуандары мен құстарды аулауға кіріседі. Жабайыланған және қаңғыған мысықтар басқа хауандарға, кейде адамдарға жұғатын небір індеттің көзі болуы мүмкін.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: aroundpet.ru, Groupon, Pinterest
Қосылған күні: 06 сәуір, 10:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.