Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Бақбақ тосабының пайдасы

Бақбақ тосабының пайдасы

Бақбақ тосабының пайдасы

Бақбақ тосабы — дәруменге бай, иісі жұпар аңқитын, дәмі балдай тамаша десерт. Қалайша жасалатынын айтпас бұрын пайдасына тоқталайық.

Минералды құрамы:

• фосфор (41 мг);

• калий (231 мг);

• кальций (139 мг);

• темір (1,7 мг);

• мырыш(0,27 мг);

• марганец (0,22 мг).

Пайдалы қасиеттері:

• бауырдың қалпына келуіне ықпал етеді;

•  асқазан қышқылдығын төмендетеді;

•  өт айдау әсері бар;

•  зәр шығару жолдарының инфекциялық ауруларына пайдалы;

•  асқазан-ішек таяқшасынан туындаған улану кезінде қолданылады;

•  ағзаны уыттан, токсиндерден тазартады;

•  антиоксидантты қасиеттері онкологиялық процестердің алдын алып, қартаюды тежейді;

•  орталық жүйке жүйесінің қызметін жақсартады, ұйқыны жақсартып, ашушаңдық, күйзеліс, депрессия кезінде тыныштандырады;

•  С дәруменіне бай болғандықтан, суық тигенде, тұмау, өкпе аурулары кезінде ағзаның жылдам қалпына келуіне ықпал етеді.

Бақбақты жинау

Экологиялық таза аудандардан жинауға тырысыңыз. Газ бен шаңға оранған мегаполистердің аулаларындағы бақбақты қолдануға болмайды. Гүлдері ірі, екіжылдық өсімдіктерді жинаған жөн. Тосапты дайындау үшін тек сары түсті гүлі ғана қажет. Сабағы, жапырағы араласып кетсе, тосап түсі жасылдау болып, ащы дәм береді. Қайшымен сары гүлін жайқалып, ашылып тұрғанда кесіп алып жинасаңыз, жұмысыңызды жеңілдетесіз (суреттегідей). Егер сабағымен жұлған болсаңыз, үйге келгенде гүлдер бүрісіп жабылып қалуы мүмкін. Ал бұл кезде жасылын ажырату қиынға соғады.

Тосап қайнату

Ингредиенттер:

• Бақбақтың 400 гүлі;

• Су — 1 литр;

• Қант — 1 кг 200 гр;

• Лимон қышқылы — 0,5 шай қасық немесе жарты лимон;

• Эмальды ыдыс.

Бақбақты жуудың қажеті жоқ. Сумен бірге пайдалы тозаңдары мен нектары да шайылып кетеді. Салқын суға гүлдерді салып, бір қайнаған соң 9 минут баяу отта қайнатамыз. Қайнап жатқан ыдысқа лимон қышқылын салып, тағы 20-25 минут өте баяу отта ұстайсыз. Тосап қайнап жатқанда үй ішін керемет жұпар иіс кеулейді. Уақыт өткен соң гүлдерді сүзіп аламыз. Тұнбаңыздың қоңырқай сарғыш түсі жұпар иісі сияқты қуантпауы мүмкін. Алайда асықпаңыз. Арнайы дайындап қойған қантты сүзілген тұнбаға қосып тағы 30-40 минуттай баяу отта қайнатамыз. Ұзағырақ қайната түссеңіз, тосап қоюлана түседі.

Тосап қайнаған соң түсі мөлдіреп, балдай болып шыға келеді. Тосабымыз дайын, енді құтыға құя беруіңізге болады. Ас болсын!

Дереккөз: arular.kz

2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: arular.kz
Қосылған күні: 22 ақпан 2018, 11:47

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.