Денсаулық арифметикасы

Денсаулық арифметикасы
Фото: vidpoviday.com

Сіз үшін қандай сандар маңызды екенін білесіз бе? Ол туған жылыңыз немесе телефон нөмеріңіз емес. Әр адам үшін холестерин деңгейі мен артериялық қысым көрсеткіші маңызды.

Адамдардың көпшілігі ол көрсеткіштердің қандай болуы керектігін білмейді. Холестерин мөлшері мен артериялық қысымды тексеріп көрмегендер де бар. Алайда осы көрсеткіштер өміріңіздің сапасы мен ұзақтығына тікелей әсер етеді. Жоғары артериялық қысым мен жоғары холестеринге мән бермесеңіз, өз ағзаңызға зиянын тигізесіз. Ол ұзаққа дейін сыр бермеуі мүмкін, бірақ ол бәрі дұрыс деген сөз емес.

Артериялық қысым сандары қан күретамыр қабырғасына қандай күшпен қысым көрсететіндігін білдіреді. Жоғары артериялық қысымның тікелей себебі әлі де белгісіз, бірақ кей қауіпті факторлар (темекі тарту, дұрыс тамақтанбау) анықталған. Жоғары қысым инфаркт, инсульт, жүрек және бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін.

Жоғары холестерин деңгейі жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін жоғарылатады. Холестерин – балауызға ұқсас қатты зат. Оны жүйке талшықтарын және жасушалы мембрананы қорғау үшін бауыр өңдеп шығарады. Сонымен қатар, ол тағаммен (ет, құс еті, балық және сүтті өнімдер) бірге келеді. Холестерин күретамыр қабырғаларына кейінге қалуға икемді, сол кезде олар қатты шытыра (бляшка) түзеді. Олар қантамырларды айтарлықтай тарылтады немесе ойығын толықтай жауып тастайды.

Өзіңіздің артериялық қысымыңыз бен холестерин деңгейін бақылаудың бірнеше себебі:

- Ынталандыру. Көрсеткіштер денсаулығыңызға мән беруге мәжбүрлейді. Көрсеткіштеріңіз қалыпта ма екендігін, оның ауытқу себебін білу керек. Мүмкін өмір сүру қағидаңызды өзгерту керек шығар. Кейде жоғары қысым мен холестерин медициналық араласуды емес, тамақтануды өзгертуді, физикалық белсенділікті жоғарылатуды қажет етуі мүмкін. Көрсеткіштер өздігінше азайып немесе көтерілмейді, оларды тиімді басқаруға болады.

- Кез келген дәрігердің емделушілері көп. Сіз тек өзіңізге ғана басты емделуші болып табыласыз. Сондықтан өз құқықтарыңызды қорғауға тура келеді. Сізге толтырылған қағазды қайтарған кезде көрсеткіштеріңіз қандай, олар нені білдіреді деп сұрап алыңыз. Дәрігер ештеңе айтпаса, тексеріс нәтижесін өзіңіз сұраңыз, ары қарай не істейтіндігіңізді мұқият тыңдап алыңыз. Түсінбегеніңізді ұялмай сұрап алыңыз.

- Емделуші – біреу, ал дәрігер әртүрлі болады. Адам өмір бойы бір ғана дәрігерге бармайды. Адамдар көшеді немесе жұмыс істейтін орнын ауыстырады және т.б сондай себептер болады. Кейде бірнеше дәрігерден өту керек болады. Өз денсаулығыңызға сіз де жауаптысыз, сондықтан өзіңізге маңызды сандарды біліп, ол туралы жаңа дәрігерді хабардар етіңіз.

Дені сау ересектер холестерин мөлшерін 5 жылда бір рет, артериялық қысымды 2 жылда бір рет тексертіп тұру керек. Егер бұл көрсеткіштің бірі болсын жоғары болса, тексерісті жиі жасау керек болады.

А. Жапатова