Тілді тазалаудың қажеті жоқ

Тілді тазалаудың қажеті жоқ
Фото: yummylooks.com

Парижде өткен француз стоматологтары қауымдастығының кезекті жиналысында тілді арнайы тазалау жайы талқыланды. Мамандар тілді тазартудың қажеті жоқ, бұл денсаулық үшін қауіпсіз деген қорытынды шығарды.  

Стоматологтардың айтуынша, тілдің мұқият тазалануы ауыз қуысының микрофлорасының табиғи теңгеріміне қауіп төндіруі мүмкін екен. Ницца ауруханасының қызметкері Софи-Мириям Дридди тілде маңызды рөл атқаратын 700-ге жуық бактерия бар дейді. Олар адам ағзасы үшін аса жоғары маңызға ие. Сонымен қатар, дәрумендерді ыдыратып және ауыз қуысына вирустардың түсуін азайтады. 

"Тіл – адамзат баласы үшін аса маңызды ағза. Ол адам денсаулығына пайдалы бактерияларға бай 17 бұлшықеттен тұрады. Әдетте, тілді сілекей тазартады. Ал адам оны күніне орташа 1000-нан 2000-ға дейін жұтып отырады. Сондықтан тілді арнайы құралдар көмегімен тазалауды әдетке айналдырудың қажеті жоқ," – дейді сарапшылар. Керісінше, мамандар мұның пайдасынан бұрын нақты қателік екенін айтады.

Стоматологтардың айтуынша, тілді тазалау оның ең беткі қабатын өзгертеді және маңызды рөл атқаратын тілдегі бактериялардың тепе-теңдігін бұзады.

Н. Үсенова