Қыста көбірек ұйықтау керек

Қыста көбірек ұйықтау керек
Фото: Entrena tu energia

Адам ұйқыға нақты бір мезгілде жа­тып, ұйқыдан да нақты бір уақытта тұрып үйренгені абзал. Әсіресе ұйқының алғашқы 4-5 сағаты (терең ұйқы) адам үшін аса маңызды.

Адам төсекке жатқасын 5-15 минут ара­сын­да ұйықтап кетеді. Ал ұйқы келмесе, ұйқысыздық мазаласа, онда тө­сек жайлылығына мән беріңіз. Ыңғайлы жатып, көзді жұмып, ештеңе ойламай (мидың белсенділігін басып), тыныс алуға немесе табанның ішкі жағына назарды аударып жатса, адам тез ұйықтайды. Бұл кезде дененің қалыпты қызуы біршама төмендеген болса, жақсы. Сонда адам тез ұйқыға кетеді, қалыпты ұйықтайды. Ұйқыдан таңғы 6-дан ерте тұрмаған дұ­рыс. (Бұл кезде дене қызуы артып, тез оянуға мүмкіндік береді). Оқыс дыбыстардан, құлаққа жағымсыз әсер ететін жай­лардан оянбау үшін тиісті шаралар жасап қойған жөн.

Кешкі асты ұйқыға жатардан 2-3 са­ғат бұрын ішкен дұрыс. (Ашқарын­ға ұйықтаған дұрыс болмайды). Ал жатар алдында бөлмені желдетіп қой­ған дұрыс, сонда оттегі жет­кі­лік­ті болады, бас ауырмайды. Ұйқы тынышсыз болып, үрейлі нәрселер түске еніп мазаласа бұл бракардия (жүрек-қан тамырлары қалыпсыздығы – арит­мия, тамыр сағысының баяулауы) әсері болуы мүмкін. Оған қорылдау, апноэ себеп болуы да мүмкін.

Егер де ұйқыға қажет уақыт же­тіс­пейтін болса, түнгі 10-11 мен 3-4-тің арасын қамтып қалуға тырысу керек. Бұл аралықта ми, дене, күш-қуат, эмоциялық күй қалпына түседі.

Қыста жаздағыдан жарты сағаттай артық уақыт ұйықтаған дұрыс. Адам үнемі ұйқысы қанбай жүрсе тез қартаяды. Қатты ұйқы келгенде ұйықтауға мүмкіндік болмайтын жағдайлар көп кездессе, ол қауіпті – ішкі ағзада өзгерістер туындап, асқазан жарасы сияқты аурулар пайда болуы мүмкін. Сондықтан қалыпты ұйқының маңыздылығын ешқашан естен шығармаған абзал.

Дереккөз: zamana.kz

Ө. Сансызбай