Қайызғақтан қалай арылуға болады?

Қайызғақтан қалай арылуға болады?
Фото: www.nivea.kz

Қайызғақты кетіру жолдарын көптеген адамдар біле бермейді.  Сондықтанда сіздерге келесі кеңестерді ұсынамыз. Басқа аурулар сияқты ауыртып мазаңды кетірмегенімен өте жағымсыз нәрсе. Қанша келісті киініп жүргенімен шашың май қайызғақ болып тұрса өзіңе де өзге ге жағымсыз тартымсыз көріңесің.Сондықтан бірінші қайызғақты кетрудің жолын іздеу керек.

Мысалы, қызылшаның суы қайызғаққа таптырмас ем.Ол үшін үш литрлік банкі алып оған жартылай су құямыз.Осы суға қызылшаны турап су банкінің аузына жеткенше салып бетін жауып бес алты күнге терезенің алдына беті көгергенше қойып қоямыз.Бес алты күннен кейін қызылшаның суын дәкеден өткізіп аламыз да жылы суға араластырып мұны басты жуып болғаннан кейін қолданамыз. 

Бір ас қасық түймешетенді(пижма) екі стакан қайнаған суға араластырып екі сағат қойып қоямыз.Осы қоспамен шашты кем дегенде сабынсыз бір ай жуу керек. 

Төрт лимонның қабығын бір литр суға салып он бес минут қайнатып аптасына бір рет осы  қоспамен басын шайып тұрса қайызғақ кетеді. 

Егер бас құрғақ әрі қайызғақ болса басты жумас бұрын зәйтүн немесе кастор майы арқылы жақсылап массаж жасау керек.Және бұл майдың қайсысы болса да бір ас қасығын алып лимон шырынына араластырып оған саусақтың ұшын батыру арқылы бас терісіне массаж жасаймыз.Содан кейін жақсылыап жуып тастау қажет. 

Бір жұмыртқаға жарты ас қасық арақ, жарты ас қасық айран қосып араластырып осы қоспаны бас терісіне жағамыз.Мұны екі күде бір жасап тұру керек. 

Ал ең оңай тәсіл ол:Шашты күнделікті жуып жүрген сусабынмен жуып одан кейіп шайып сосын қайтадан жылы суға бір уыс тұз қосып шашты шайса қайызғақ жоғалады. 

Бұл айтылған емдік рецептердің барлығы бастағы қайызғақты кетіреді.Шашқа рең беріп нәрлендіре түседі.

kenester.kz

М. Ақан