Ағзадағы өзгеріс аурудан хабар береді

Ағзадағы өзгеріс аурудан хабар береді
Фото: Tamil News Line

Адам ағзасындағы мүшелерде өгерістер басталса, бұл тектен-тек емес. Денсаулықта пайда болған қандайда бір аурудан хабар беріп жатқанын аңғартады. Тек адамдар белгіні дер кезінде байқап, дәрігер-маманнан кеңес алуы қажет. Мәселен, кейбіреулер тіс қайрағанда қатты шықырлаған дауыстар шығарады. Бұл дене қуатының әлсірегенін, жүйкенің тозуын, қан айналымында кедергілер бар екенін білдіреді.

Бүгінде қорылдап немесе пысылдап ұйықтайтындар саны көп. Бұл екі жайсыз қасиет ұзақ уақытқа дейін басылмаса, тыныс жолында қандай да бір кінәрат бар екенін айтады. Қорылдау мен пысылдау ұзаққа созылса, қан аздық пайда болады.

Ал дөңбекшіп, аунау жүйкенің орнықсыздығын, қан айналымның іркілісті екендігін білдіреді. Сіңірі тез тартылады. Кейбіреулер еріксіз аузын ашып ұйықтайды. Бұл есте сақтау қуатының әлсірегендігін, мұрын қуысы тыныс жолының тосылғанын білдіреді. Мамандар сандырақтауды жүйке қалыпсыздығының ауруы дейді. Ол түбінде жүрек ауруына шалдықтырады. Осы секілді қалыпсыз жағдайлар байқалғанда, көңіл-күйді жақсы сақтап, тамаша ұйықтау дағдысын қалыптастырып, кішігірім ауруларды дер кезінде емдетіп, ағзада қатерсіз қан айналым қалыптастыруға тырысу керек. Ал адам денесінде белгілі бір түс пайда болса, ол ағзаның ауруға шалдыққанынан хабар береді.

Сары тері

Қатты терлеп тұрғанда суық суға шомылғанда денеге ызғар өтіп, тердің шығуын бүлдіріп, тердегі несеп заты молайып, тер сарғаяды. Ал тері сарғайып ерекше күлімсі иіс шығу бауырдың қартаю белгісі.

Ақ тері

Бұл жүрек, өкпе қуатының әлсіреуінен болуы мүмкін.

Қызыл тері

Бауыр ыстығы күшті, тұрақты емес адамдардың терісі қызарып кетеді. Осы заманғы медицинада ол ішкі секреция бездерінің бұзылуынан деп қаралады. 

Жасыл тері

Бұл бауыр, өт сұйықтығының жайылуынан болады. Клиникада бұл – «бауырдың төңкерілуі» делінеді. Өт түтігі жедел іріңді қабынғандардың тері жасыл болады. Адам терісінде бөгде түс пайда болғанда ықылас қоя қадағалап, әрі аурудың басқа белгілерімен ұштастырып дер кезінде диагнозын біліп емдету керек.

Н. Үсенова