Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Ауруыңызды гүлмен емдеңіз

Ауруыңызды гүлмен емдеңіз

Ауруыңызды гүлмен емдеңіз

Сұлулық символына айналған гүлдер әлемінің жұмбағы мен тылсымы көп. Тіпті адам денсаулығы үшін де пайдасы мол. Халықтық медицинада лалагүлдің жапырағын, гүлін, тіпті баданасын да (гүлдің жердің астында өсетін түйнек сабағы) емдік үшін пайдаланады. Мәселен, тіс ауырғанда лалагүлдің баданасын қайнатып тұндырып ішсе, көмегін тигізеді. Сонымен қатар адамның жүйке жүйесі шаршағанда  да осындай тұнба жасап ішуге болады. Алайда гүлден тұнба жасаудың өзіндік тәсілдері болады. Ендеше гүлдерден дайындалатын емдік тұнбалар жайтына қанық болыңыз.

Лалагүл

• Ақ лалагүлдің түбіндегі баданасын алып, домбығу мен іріңді жараларда қолданса, көмегін тигізеді. Ол үшін мұндай түйнектерді сүтпен қосып қайнатып, жараға танып қояды.

• Ақ лалагүлдің гүлдері бетке түскен сепкілді кетіреді. Мұндай емдік шараны жасау үшін лалагүлдің гүлдерін теріп алып қайнатасыз да бірнеше уақыт тұндырып қоясыз. Сосын осы тұнба мен балдан және қыша ұнының бәрінен бірдей көлемде алып араластырасыз. Мұны таңертең және кешке бетіңізге жағып, жылы сумен жуып тастайсыз. Бұл арқылы бетіңіздегі дақтан оңай құтыла аласыз.

• Лалагүл майын күйіп қалған жерлерге немесе жарақат алған жеріңізге жақсаңыз, лезде қайтарады. Ол үшін 5 лалагүлді алып, 1 стақанға саласыз да үстіне пісте немесе зәйтүн майын құясыз. Алайда майды гүлдің бетін батырып құясыз. Майды 10 күн қараңғы әрі салқын жерде сақтайсыз. Белгіленен уақыттан кейін майды кез келген күйік шалған жерлерге жаға беруге болады.

Бақытгүлі (хризантема)

• Гүлдің жапырақтарында адам ағзасына қажетті мырыш, калий, магний, селен сынды пайдалы заттар өте көп.

• Тұмаумен немесе бронхитпен ауыратындар арқаларына бақытгүлінің жапырақтарын қойып жатса, әсері оң болмақ. Сонымен қатар тұмаудан тез айығу үшін, бас жаққа жылы суға гүлді салып жату керек.

• Өзіңізді жеңіл сезінгіңіз келсе, бақытгүлінен ванна қабылдасаңыз болады. Ол үшін бақытгүл жапырақтарының бірнешеуін  алып, 2 стақан қайнаған суға салып демдейсіз де, 30 минут тұндырып қоясыз. Сосын дайын тұнбаны ішіндегі жапырақтарымен қоса ваннаға құйып былау қабылдай бересіз. Мұндай былаудың пайдаы тию үшін, аптасына 15-20 минуттан бірнеше рет қабылдайсыз. Емдеу уақыты 2 аптадан ары аспауы керек.

• Бақытгүлі аяқ ауырғанда да көмектесе алады. Бұл үшін бақытгүлінің жапырақтарын 1 тәулік бойы балға салып қою қажет. Сосын аяқтың ауырған тұсына жағып, байлап, компресс жасайды. Сонымен қатар қатты жөтел кзде де осындай компресті тамаққа жасауға болады.

Раушан гүлі

• Раушанның көбіне емдік үшін гүлдері пайдаланылады. Ал жапырақтары жүйке жүйесін тыныштандыру қасиетіне ие. Раушан гүлінің 3 ас қасық гүл күлтелерін алып, оған 2 стақан қайнаған су құйыңыз. Тек мұны қақпағы жақсы жабылатын ыдысқа құю керек және 10-12 сағат күту қажет.  Сосын мұны қабынуға қарсы күніне 200 мл-ден 3 рет тамақтан жарты сағат бұрын ішу керек.

• Сыздауық немесе ауырып көп жатқаннан пайда болатын ойылуға қарсы раушан гүлінің жапырағынан жақпа майын (мазь) жасауға болады. Бұл үшін гүлдің жапырақтарын ұнтақтап майдалап, 1 грамын 100 гр тұздалмаған сары маймен араластырасыз да жара шыққан жерге жақсаңыз, оң нәтижесін көре аласыз.

• Тамақ не тіс ауырғанда раушан гүлінен тұнба жасап ауызды шайса, ауырғанын басады. Бұл үшін 2 ас қасық раушан гүлін жақсылап майдалап, 1 стақан қайнаған су құйып, 1 сағат тұндырасыз. Белгіленген уақытта тұнбамен ауызды шая беруге болады.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: ліктрави
Қосылған күні: 10 қаңтар, 18:55
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.