Гамбургердің ағзаға әсері

Гамбургердің ағзаға әсері
Фото: Wallpapers Craft

Фастфудтың ағзаға зиян екенін жиі естиміз. Алайда қарнымыз ашқанда кез келген гамбургер тәбетті ашып, дәмді көрінеді. Ал оның дәмін татқанда ол туралы барлық негативті пікірлер ойымыздан шығып кетеді. Ғалымдар гамбургер жеген соң ағзада қандай процестер жүретінін анықтады.

Алғашқы 10 минут – ми калориясы көп тағамды жақсы көреді.

Стандартты ірімшігі және тұздығы бар гамбургер шамамен 540  ккал құрайды және қандағы глюкоза деңгейін бірден көтереді. Фастфуд нейромедиатор, допамин секілді нақты заттардың көп мөлшерде бөлінуіне ықпал етеді. Олар рақаттану және қанағаттандыру сезімдеріне жауап береді.

20 минут өткен соң – қант тәуелділікті шақырады.

Гамбургер тоқашында фруктозаға бай жүгері шәрбаты мен натрийдің көп мөлшері болады. Бұл екі зат та тәуелділікті шақырып, көп мөлшерде жегіңіз келе береді. Олар қант диабеті, семіздік және жүрек ауруына әкеледі.

30 минут өткен соң – натрий «шабуыл» жасайды.

Стандартты гамбургер құрамында 970 мг натрий болады. Тұздың мұндай көп мөлшерде болуы сусыздандыруға әкеледі. Адамдар шөлдеуді қарын ашу сезімімен жиі шатастырады. Сұйықтықтың жетіспеуі тағы бір гамбургер сатып алуға итермелеуі мүмкін. Натрийді көп мөлшерде қолданғаннан кейін тұзды шығару үшін бүйрекке салмақ түседі. Артық тұзды ерітіп, оны шығару үшін тіннен қанға қосымша су алынады.

40 минут өткен соң – тағы да жегіңіз келеді.

Адамдардың көпшілігінің үлкен гамбургерден соң да қайтадан қарны ашады. Себебі мұндай тамақ қандағы қант деңгейінің бақылауын бұзып, бағынбайтын аштықты шақырады. Калориясы жоғары фастфуд жегеннен кейін, оның құрамындағы инсулин қандағы көтеріліп тұрған қант деңгейін бірден түсіріп, қайтадан аштық сезімін тудырады.

60 минут өткен соң – жай ас қорыту.

Ағзаға тағамды қорытуға қалыпты түрде 24-72 сағат керек. Алайда гамбургерге одан көп уақыт қажет. Себебі оның майлылығы жоғары. Кей жағдайда гамбургердің ас қорыту жолымен өтуі үш күннен аса уақыт керек болуы мүмкін. Жылдам тамақтану орындарындағы гамбургер 1,5 г транс майынан тұрады. Олардың қорытылуына 51 күн керек. Транс майлар жүрек ауруының, семіздіктің, қант диабетінің және қатерлі ісіктің болу қаупін жоғарылатыны дәлелденген.

Егер гамбургерден мүлдем бас тарта алмасаңыз, оны анда-санда ғана жеңіз. Мұндай тағамды уақытылы жеу денсаулығыңызға өте зиян екенін естен шығармаңыз.

А. Жапатова