Өзіне қай дәруменнің қажеттігін ағзамыз қалай «айтады»?

Өзіне қай дәруменнің қажеттігін ағзамыз қалай «айтады»?
Фото: belok.ua

Ағзамызға ауа мен су қаншалықты маңызды болса, дәрумендер де соншалықты қажет. Егер ағзаға қандай да бір дәрумен қажет болса, жетіспесе бұл жайлы ол бірден бізге хабар береді. Қалай? Ендеше, кеттік:

Ерін айналасындағы жарықтар

Не қажет: темір, мырыш, В 2, В 3 және В 12 дәрумендері. Етті (құс еті, балық), жұмыртқа, бұршақтар, жаңғақты көбірек жеген жөн.

Беттегі қызыл бөртпелер, шаштың әлсізденуі, түсуі

Не қажет: биотин, А, К, Д, Е дәрумендері. Бұларды арқан балық (лосось), авокадо, жаңғақтардан, таңқурай, түсті орамжапырақ, соя, бананнан табасыз.

Аяқ-қол саусақтарының шаншуы, жансыздануы

Не қажет: В дәрумендер тобының 6, 9, 12 түрлері. Бұл мәселе күйзеліспен, шаршау, жүйке жүйесімен, гормоналды тұрақсыздықпен байланысты. Қызылша, саумалдық, ақтық (спаржа), бадана (фасоль) көмектеседі.

Бұлшықеттердің тырысуы

Не қажет: магний, кальций мен калий. Кәді, орамжапырақ, алма, бадам (миндаль) мен орман жаңғағын (фундук) көбірек тұтынған дұрыс.

Дереккөз: jastar.kz

Ж. Жұмағұлов