Оксолин майы жұқпалы аурудан қорғай ма?

Оксолин майы жұқпалы аурудан қорғай ма?
Фото: vk.com

Егер оксолин жақпа майының нұсқаулығына сенетін болсақ, ол вирусты тұмаудан, конъюнктивиттен, асқынған тыныс жолдарының вирусты инфекциясы мен маусымдық тұмау эпидемиясынан қорғайды.

Шындығына келсек, бұл ақпараттың қайдан пайда болғандығы белгісіз. PubMed әлемдік медициналық зерттеулердің базасынан тек 1980-1990 жылдар аралығында кейбір ғалымдардың оксолин жақпа майының вирусқа қарсы тұра алатын әсері бар екендігін дәлелдегісі келген санаулы жұмыстарын ғана табуға болады. Оның өзі қорытынды шешім шығарылмай, бастапқы күйінде қалып қойған.

Әлемдік нұсқаулықтарда вирусты ауруларды емдеу үшін тіпті оксолин жақпа майына ұқсас «таңғажайып» жақпа май мүлдем жоқ. Осы саладағы ресейлік бас мамандардың айтуы бойынша, егер оксолин вирустың көбеюін алдан алатын қасиеті бар болса да оны пайдаланғаннан кейін ағзада өзге аурулар туындауы мүмкін. Яғни тыныс жолдарымен кірген микроорганизмдер жақпа майдың жағылған жерінен де терең тұрақтап қалады.

Яғни, оксолин жақпа майының вирустарға қарсы тұратындығы туралы ақпарат еш негізсіз.

А. Оралқызы