Қатерлі ісікті 10 секундта анықтауға болады

Қатерлі ісікті 10 секундта анықтауға болады
Фото: Kapital.kz

Остиндегі Техас университетінің ғалымдары мен инженерлері қатерлі ісікті өте жылдам әрі дәл анықтайтын құрылғы жасап шығарды. 

 Ғалымдар операция кезінде ісікке шалдыққан тіндерді дәл әрі тез анықтап беретін бірегей құрылғы ойлап тапты. Тест нәтижесі 10 секунд ішінде дайын болады – бұл қазіргі қолданыстағы технологияға қарағанда 150 есе жылдам», – деп жазады Medical Express.

Жаңа инновациялық құрылғы MasSpec Pen деп аталады. Дәрігерлердің ұстап жүруіне де ыңғайлы, қалтаға сыйып кетеді. Технология хирургтерге ота кезінде қандай тінді қалдырып, қайсысын алып тастау керектігі жөнінде нақты диагностикалық ақпарат береді.

Дәрігерлердің пікірінше, қатерлікті ісікті анықтаудың күні бүгінге дейін қолданылып келген технологиясы уақыт пен дәлдік жағынан MasSpec Pen құрылғысына ілесе алмайды.

www.zheruiyq.kz

М. Ақан