Ашығып емделудің денсаулыққа пайдасы

Ашығып емделудің денсаулыққа пайдасы
Фото: melanieclancy.com

Денсаулықтың негiзi – салауатты өмiр салты, ауру-сырқаудың алдын алу, дәрiсiз дауалау, iшiмдiксiз тамақтану. Шылым шегуден, әртүрлi химикаттардан адам баласы өзiн-өзi қорғай бiлуi қажет. Табиғи тағамдар мен химикатсыз дәрi-дәрмектер қолдану, қоршаған ортаны сауықтыру қоғамдық мәселе. Мұның бәрi де табиғи гигиенадан туындаған. Халық арасында «iшiп-жеу үшiн өмiр сүрме, өмiр сүру үшiн iшiп же», – деген қанатты сөз бар.

Ал табиғи гигиенаның негiзiн салушылардың бiрi Р.Тролл: «Химиялық дәрi-дәрмектермен дауалау адам ағзасына жат, ғылыми тұрғыдан қарағанда танту, табиғатына зиянды», – деген.

Химиялық дәрiге негiзделген емдеу тек аурудың басталған ең қатты кезеңiнде ғана көмектесе алады, бiрақ мүлде сауықтырып жiбере алмайды. Орыс халқының ұлы физиологы И.П. Павлов: «Адам денесi ең жоғары дәрежеде өзiн-өзi басқарушы, бағыттаушы, қолдаушы, жетiлдiрушi» – деп есептедi. Бұл жүйе табиғат берген заң күшiне бағынады. Табиғи гигиена дегенiмiз – табиғат заңын бiлу, сауықтыру жинағы, барлық дененiң бүтiндей тұтастығын табиғи әдiстермен сауықтыру (К.Нишидiң денсаулық жүйесiмен өмiр сүру тамақтан уақытша бас тарту, жүгiру, суда жүзу, терлеу, дене еңбектерiмен шұғылдану, дененi суыққа шынықтыру, орынды тамақтану – тамаққа табиғи көкөнiстердi, жемiс-жидектердi молырақ пайдалану т.б.).

Табиғи гигиена бiздiң жеке басымызға өзiмiз қамқорлық жасау мүмкiншiлiгi мен бiлiмiн сыйлады. Дәстүрлi медицина аурудың пайда болу себебiмен емес, ауруды емдеумен шұғылданды. Денсаулық – жеке адамның жеке басының мәселесi. Әрбiр адам өз ауруына өзi себепкер болады, яғни ауруына өзi кiнәлi. Ауаның ластануынан, ортаның радиациямен ластануынан сақтау, химикатсыз дәрi-дәрмектер мен табиғи тағамдар қолдану, қоршаған ортаны сауықтыру мемлекетпен аралық мәселе. Бiрi-бiрiнсiз алға баспайды.

Табиғи гигиенаның пайда бола бастаған алғашқы жылдарындағы ғылым қайраткерлерiнiң бiрi – Поль Брэгг. Өзi – дәрiгер. «Ашығудың ғажабы» деген кiтап жазған. 90 жасында сергек, төзiмдi, күшi мығым, қозғалысында шек жоқ, икемдi болған. Күн сайын 3-5 шақырым жүгiрiп, суда көп уақыт жүзiп, тауға өрмелеп, теннис ойнап, би кештерiне де қатысып, ұзаққа жаяу сапарға шығудан да жалықпаған. Адамның төзiмдiлiгiн тексеруде сахара шөлдерiнде су татпай өткен екен. Ол күнiне 12 сағат жұмыс iстесе де еш жерi ауырып, шаршауды сезбеген. Медициналық тақырыпта дәрiс оқудан да жалықпаған.

П. Брэгг жүйесiнiң негiзi – ағзаны табиғи сауықтыру, ашығумен тазарту, дұрыс тамақтану, жаттығып шыңдалу. Көңiл-күйдiң көтерiңкi болуына үлкен мән берген, табиғи сауықтырудың құрамы деп есептеген. П. Брэгг жүйесiнiң негiзгi тетiгiнiң бiрi тиiмдi тамақтану, күнделiктi тамақтың 60 пайызы жемiс-жидек, көкөнiс болуын, оны шикi немесе шала пiсiрiп пайдалануды ұсынған. Өндiрiс өңдеуiнен өткен-iшiп жемдерден бас тартуға кеңес берген. Олар – қант, конфет, какао, кофе, шоколад, пряник, торт, печенье, әртүрлi тоқаштар, шұжықтар, консервiлер (ет, балық, тосап). Брэгг етке өте үйiр болуға кеңес бермеген, қайта аптасына 3-4 рет аздап жеуден ары бармауды оңды көрген.

Брэгг сауықтыру әдiсiмен шұғылдануға, еңбек белсендiлiгiн арттыруға, дененi шынықтыруға үлкен көңiл аударған. Денсаулығы босаңсыған адамдарға жаяу жүруден бастап, бiрте-бiрте жүгiруге кеңес берген. Таза ауада ұзақ уақыт серуендеу, дұрыс демала бiлу, осының барлығы П. Брэггтың сауықтыру жүйесiнiң құрамына жатады. Ол өз жүйесiнде ашықтырып, сауықтыруға көп көңiл бөледi.

Ашығу – тамақтан уақытша бас тарту, дененi едәуiр тазарту деген сөз. Соңғы мәлiметтерге сүйенсек, жемiс-жидекпен күзде, дәндi дақылдармен қыста, көкөнiспен жазғытұрым және жазда тамақтану орынды деп есептеледi. Бұл көкөнiс пен жемiс-жидектердi қыста жеме деген сөз емес. Дененi жинақталған ас қалдықтарынан тазарту үшiн апта сайын бiр күн, мезгiл сайын 7 күн ашығып үйрену пайдалы. Ашығып тамақтан бас тартқан кезде тек буға айналдырып алған су iшкен жөн. Ашығу дегенiмiз – оңды тамақтана бiлмейтiн, арақ iшетiн, шылым шегетiн, наша қолданатын, ластанған су, ауа, химиялық дәрi-дәрмектердi көп пайдаланатын адамдардың денесiн улы қалдықтардан тазарту, сөйтiп ағзаны өзiн-өзi уландырудан құтқару әдiсi.

Брэгг ашығудан бұрын дәрiгерден кеңес алуды, ашығу кезiнде дәрiгердiң немесе тәжiрибелi адамның бақылауында болуды ескертсе, Г.Малахов: «ашыққан адамға дәрiгердiң де, тәжiрибелi адамның да қажетi жоқ, ашыққан адам өзiн-өзi басқара бiлуi қажет» – дейдi. «Әрбiр адам денесiнiң ашығу әсерiне жауабы дербес болатындықтан, оған нақты рецепт жоқ» – дейдi Ю.С.Николаев.

Ашыққанда жүйелi түрде ашығу жөн. Дұрыс ашығып, тамақтану ережесiн ұстана бiлсең, қан қысымың қалыптан жоғары болса азаяды, ызақор, ашушаң болсаң – терi-терсегiңдегi қотыр, қышыма болса, ол да жоғалады.

Ашығуды К. Нишидiң жүйесiмен қоса, несеппен ұштастыра алсаң, көптеген дерт, дербезден (остеохондроз) сауы- ғасың, сондай-ақ, көптеген ауру-сырқаудың алдын алуға болады.

Ашыққан кезде Брэгг жатып демалуды ұсынған. Соңғы жылдарда ашығуды зерттеген тәжiрибемен байқаудың нәтижесiнде, ашыққан кезде әр түрлi спорт, дене шынықтыру, дене еңбегiмен шұғылдануға болатындығы дәлелдендi. Рас қайсы, бiр адамдар да ашығу кезiнде дене еңбегiмен шұғылданып жүргенде денесi босап, басы айналғандай да болады. Егер ондай белгi бiлiнсе жатып, аздап дем алса, басылады. Себебi, жасушалардан жиналған улы қалдықтар қанға құйылады. Ал, жасы ұлғайған, денесi өте бос, қозғалғысы келмейтiн адамдарға жұмыс iстетуге болмайды. Өзi қалап тұрса ғана болады. Бұл арада сөз ұзақ уақыт жаяу серуендеу, шаңғымен жүру, жүгiру туралы болып отыр.

Мен өзiм ашыққанда ешбiр еңбектен бас тартпаймын. Қайта дене еңбегiне қызығушылығым арта түседi. Брэгг: «ашығу алдында және ашығу кезеңiнде табиғи болмысқа қарсы болғандықтан, клизмамен iш тазалауға болмайды» – десе, К. Ниши – «ашығу алдында және ашығу кезеңiнде күн аралатып, клизмамен iшектi тазалап тұру жөн» – дейдi. Бұл көзқарасты Ю.С.Николаев, Шелтон, Г.Малахов та құптайды.

П.Брэгг өзiнiң жазған «Ашығудың ғажабы» деген кiтабында: «ақшаға төсек сатып алуға болады, бiрақ ұйқы сатып ала алмайсың» – деп жазады. Денсаулық – зор байлық. Денiң сау болмаса, байлықтан не пайда. Салауатты өмiр сүру үшiн ақшаның да рөлi аз емес. Рақат өмiр сүру үшiн қора-қопсыңнан бастап, жатар орныңа дейiн қалауыңа сай болуы керек.

ХIХ-ХХ ғасырлардың өлiарасында дене шынықтырудың негiзiн қалаушы Бернар Макфедден: «Дене шынықтыру мәдениетi» деген журналының сыртқы бетiне «Ауру – бұл қылмыс, қылмыскер болудан сақтанайық» деп жазады.

Әлсiздiк, босаңдық, аурушаңдықты мен адамның ғажап денесiне келген қорлау қылмысы деп бiлемiн. Мен өзiмнiң денсаулығымды қалпына келтiрiп, жақсарту үшiн қажеттi мүмкiншiлiктердi сақтай отырып, дененi жетiлдiру шараларын да пайдаланамын» – деп жазады П.Брэгг. Ары қарай «сергектiк, өмiрге төзiмдiлiк, көнбiстiлiк сияқты қасиеттердi ұстанып, пайдалануым арқылы мен өзiмдi «денсаулық миллионерiмiн» деп санаймын» – дейдi.

Адамның кәрi-жасына қарамай, денсаулықтың қуанышына бөлену, денсаулық миллионерi болу үшiн де еңбектену қажет. Кәрiлiктi мойындамаудың негiзгi «құпиясы» табиғи тағамдарды пайдалану, тағам түрлерiн жаңарту, жүйелi түрде тамақтан уақытша бас тарту, таза ауада серуендеп, таза су iшiп, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданып, дұрыс демалудан тұрады. Жүйелi түрде ашығып, тамақтан бас тартып, дененi тазартып әдеттенсеңiз, сiздiң денеңiздiң өзi-ақ еңбек етiп, қимылдай берудi тiлеп тұратын болады. Жаттығуға шығындаған уақытыңа өкiнбейтiн боласың. Күн сайын сергiп, денең жеңiлдеп, жүрiсiң жылдамдап, бүкiрейе бастаған белiң де жазылып, келбетiң жақсарып, тiк жүретiн боласың. Сондықтан «Аз жесең – көп жасайсың, кiм өзiнiң жарамсыз әдеттерiнен бас тарта алса, – күштi сол», – деген ғой Бенджамин Франклин. Тiршiлiк көзiнiң қуатын үнемдеп жұмсау үшiн аз же, ашық. Бiз уланған дүниеде өмiр сүрудемiз. Тiршiлiк қуаты дене қызуын үнемi 36,6 градустен төмендетпей, жоғарылатпай ұстайды.

Дене қызуы бұдан төмендесе де, жоғарыласа да ауырамыз. Қазiргi заман мәдениетiне сай тiршiлiк қуатының жауы көп. Олар – адамдардың өзi жасаған улар. Бiз уды өмiрден аластатып жоғалтуымыз абзал.

Қалалы жерлер мен полигондарда бiздiң демалатын ауамыз радиациямен, өндiрiс пештерiнiң будақтаған түтiнi, шаң-тозаң, қаптаған көп машина, техникалардың шала жанған улы газдарымен уланған. Сондықтан да тыныс ағзаларының, өкпенiң рагы, қантамыр, жүрек ауруларының көбеюi тiптi ана құрсағында пайда болған ұрықтың дұрыс дамымай әртүрлi жағдайға ұшырап, дене мүшелерi не көп, не аз, қарны қампиған, басы шектен тыс үлкен болып, адам сиқы жоқ нәрестелердiң тууына жаның түршiгедi. Ауаның ластануын денсаулықты былай қойғанда, ұлтқа төнген қатер деп бiлуiмiз қажет.

Бiздiң өзен, көлдерiмiзде ластанған суды iшуге жарамды ету үшiн хлормен тазалау әдiсi дұрыс емес. Себебi, хлор денеге барып уға айналады. Сондықтан хлордың орнына оттегiнi пайдаланады.

Егер бiз денемiздегi улы заттардан арылып, тазаланамыз десек, ашығу қажет. Lйткенi, астан уақытша бас тартып, ағзаны физиологиялық демалдырсақ, тiршiлiк қуатын қалпына келтiремiз. Қуат көзi молайған сайын у азайып, бiрте-бiрте мүлде аластатылады. Ашығу дегендi дененi сауықтыру, тазарту деп түсiнген жөн. Бiрақ емдеу емес. Бiз ашыққанда, iшiп-жеген тағамды қорыту үшiн жұмсалатын тiршiлiк қуаты ендi денемiздегi улы заттарды сыртқа бөлiп шығаруға жұмсалады.

Жер өңдеуге де, шыбын-шiркей, құрт-құмырсқамен күресуде де химикаттар пайдаланылады. Соның бiрi – ДДТ деп аталады. Ауылшаруашылық өнiмдерi, көкөнiс, жемiс-жидектерге дейiн химикаттармен тыңайтылады. ДДТ және басқа химикаттар жерге, соңынан астық өнiмдерiне, көкөнiс, жемiс-жидектерiнiң тамыры арқылы сiңедi. Дегенмен, улы заттарды азайту үшiн қызанақтың сыртқы қабығын сыдырып, сәбiздiң сыртын ғана тағам етiп, өзегiн пайдаланбайтын да әдiстер бар. Тағамдармен денеге енген уларды сыртқа шығару үшiн 3-4 күн ашығуды ұмытпаңыз.

Базарлардың сауда-саттық қоймасында алма, жемiс-жидек әп-әдемi болып, жылтылдап тұрады. «Бақсам бақа екен» демекшi, Шолоховтың «Көтерiлген тың» романында: «сығандар арық атты желмен үрлеп қампитып қойып, сатпаушы ма едi: сол жарқыраған әдемiлiктiң де жөнiн бiлген артық емес. Шамның майымен жұқалап сылап қойса бәрi әдемi көрiнедi. Ондағы балауыз өнiмнiң шырынын ауаға ұшып кетуден сақтайды, дәмiн кетiрмейдi – дәмдi жаңа ғана сабағынан үзiп әкелгендей көрiнедi. Бiрақ шамның майы мұнай өнiмi екенi баршаға мәлiм. Ол iшке барып, ас болып сiңбейдi. Сөйтiп, одан сандаған ауру пайдаболады. Сондықтан оны да ашығумен ғана денеден шығара аласың.

Дереккөз: islam.kz

Ж. Жұмағұлов