Фуа-гра қаупі қандай?

Фуа-гра қаупі қандай?
Фото: kolobok.ua

Асханалар желісі, мейрамханаларда ең қымбат тұратын тамақ түрінің бірі – фуа-гра. Қазақша атауы – майлы бауыр. Бұл тағамның дайындалуының өзі "қауіпті". Адамзат ләззаты үшін қоршаған ортаға, жануарлар әлеміне зиян келтіру принципі осы тағамның дайындалуында көрініп тұрады.

Бауыр – өз бойына ең көп дәрумендерді жинаған, адам және жануар үшін де маңызды мүше. Ал оны тағам ретінде пайдалану денсаулыққа да пайдалы. Соның ішінде қаздың бауыры ең дәмдісі. Дегенмен қаздың бауыры бар жоғы 40 грамм тартуы мүмкін. Ал фуа-гра жарты килограмға дейін барады. Неге? 

Сіз майлы бауырдың дайын өнімін ғана көресіз. Тәтті дәмін татып, тамсанасыз. Ал шындығында оның қалай жасалатынын білесіз бе? Қаздарды баптайтын, борлайтын арнайы фуа-гра фабрикаларындағы жұмыстарға көз жүгіртсеңіз, жаныңыз ашиды. Тіпті жеп отырған асыңызға ойлана қарайсыз. 

Фуа-гра дайындау үшін фабрика алдымен қаздарды табиғат аясында бағып, борлайды. Олар 1-2 апта еркін ұшып-қонып, еркіндікті сезініп болған соң, арнайы іші-сырты тормен қоршалған темір қабырғаның ішіне түседі. Қабырға ішінде қаздар өздерінің мөлшерлерінен артық қорекпен қоректенеді. Мәселен 1 апта бойына күніне 3-4 рет арнайы сорғымен асқазанға қарай ұңғыту арқылы сұйық майлы жемдермен қоректенеді. Қаздың асқазаны мұны көтерсін-көтермесін ол оны жеуге және жұтуға мәжбүр. Бұл ғана емес, асқазаған дейін созылатын ұзындығы 7 см болатын сорғы темір болғандықтан, ол бірінші өңешті кейін асқазанды зақымайды. Түрлі жаралар пайда болады. 

Қаздар артық салмақ, артық май, артық жемге шыдай алмай шетінен қырыла береді. Ал аман қалғандары осы азапты қинау тәсілін бастарынан кешіп, адамның жемтігі болу үшін дайындалады. Ең соңғы кезең әбден борланған қаздардың төмен қарап, салбыраған күйінде арнайы аппаратқа жөнелтілуі. Онда олардың көздерінен ток көзін өткізіп, кейін тамақтарынан орып жібереді. 

Негізінде артық майға семірген қаздардан алынатын фуа-граның зияны сіз ойлағаннан да бетер. Себебі ол табиғи емес, жасанды жолмен дайындалған тағамдармен қоректенеді. Қинау арқылы, мәжбүрлеу жолымен қоректенген қаздардың бауыры дәмді болғанымен, олардың адам ағзасына тигізетін қаупі өте үлкен. 

М. Ақан