Күркетауық еті көп ауруға ем

Күркетауық еті көп ауруға ем

Әрбір адам өзіне ұнаған асты тұтынады. Бірі - етті, екіншілері жеміс-жидектерді, базбіреулер балықты ұнатады. Алайда алдымызда қыс күтіп тұрғандықтан, ағзаға барынша қажетті, құнарлы тағамдардың дастарханымыздан табылғаны абзал. Соның бірі – күркетауық еті.

Күркетауық етінің құрамында ағза жасушаларының құрылымына өте қажетті ақуыз кездеседі. Басқа еттерге қарағанда А, Е дәруменіне бай әрі онда холестерин мөлшері аз. Сонымен қатар ол ағзаға жеңіл сіңеді және фосфор, темір, кальций, натрий, калий, магний, марганец, йодқа бай күркетауықтің еті дәмді ғана емес, диеталық ас саналады.

Күркетауық еті тауық еті секілді дәмді, сиыр мен бұзау еті секілді тез сіңімді. Оның құрамындағы натрий зат алмасу процесімен қанға пайдалы. Ал натрий дегеніміз тұз, яғни күркетауық еті аздап тұзды келеді, сол себепті тағамға қосқанда ас тұзын көп қоспайды. Қан қысымы жоғары және жүрек бұлшықетінде кеселі бар науқастарға бұл өте пайдалы. Ал ет құрамындағы көп мөлшердегі калийдің жүрек қантамыр жолдары мен жүйкесінде кеселі бар жандарға пайдасы тиеді. Күніне 100 гр етті тұтынып, калийдің тәуліктік мөлшерін алуға болады. Өзге ет түріне қарағанда күркетауық еті майсыз келеді. Сондықтан оны жегенде ағзаға түскен кальцийдің сіңімділігі артады. Остеопороз, остеохондроз, артрит секілді аурулардан сақтанғыңыз келсе, рационда жеңіл әрі сіңімді күркетауық етінің молынан болғаны жақсы.

Ас құрамын зерттеушілердің айтуынша, күркетауық етінде темір элементі тауық етіне қарағанда 1,5 есе, ал сиыр етінен 2 есе көп екен. Егер ағзада теміржетіспеушілік байқалса, осы етті кәдеге жаратуға кеңес беріледі. Еттегі РР дәрумені авитаминоз, целлюлит, ми қызметінің бұзылуы секілді аурулардың алдын алуға қабілетті. Жүкті әйелдер, қарт адамдар, ауыр жұмыс жасайтын жұмысшылардың күркетауық етін молынан жеуіне кеңес беріледі. Ауыр инфекциялық ауруларды басынан өткізген жандар ағзасы үшін де бұл еттің пайдасы зор.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО қорғауындағы әлемдік мәдени мұралар
ЮНЕСКО қорғауындағы әлемдік мәдени мұралар
Тіс неге сарғаяды?
Тіс неге сарғаяды?
Биологиялық белсенді қоспаның зияны мен пайдасы
Биологиялық белсенді қоспаның зияны мен пайдасы
Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды
Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды
Coursera курстарын қалай тегін оқуға болады?
Coursera курстарын қалай тегін оқуға болады?
Сұхбаттасудың орнына ойын ойнау. НУ студенттері қызметке іріктеудің ерекше түрін ойлап тапты
Сұхбаттасудың орнына ойын ойнау. НУ студенттері қызметке іріктеудің ерекше түрін ойлап тапты