Ғалымдар ұйқысыздықтың психикаға пайдалы екенін анықтады

Ғалымдар ұйқысыздықтың психикаға пайдалы екенін анықтады
Фото: vk.com

Америкалық психолог мамандар ұйқының қанбауы денсаулыққа пайдалы екенін анықтады. Нақтырақ айтсақ, ол күйзеліспен күресуге, яғни,  психика саулығына әсер етеді. Бұл тұжырым туралы The Journal of Clinical Psychiatry басылымына шыққан мақалада жазылған.

Ғалымдар ұйқысыздыққа арналған 66 тәуелсіз зерттеуді саралаған. Ғылыми еңбектер "ұйқының депривациясы", "депрессия" деген тірек сөздер жиілігі бойынша таңдалған.

Кейін олар мынадай шешімге келді: Жартылай (20-21 сағат) және толық (36 сағатқа дейін) ұйқысыздық науқас адамдардың 50%-дағы депрессия белгілерін жеңілдетуге көмектескен. Бір қызығы, олардың психикалық саулығының қалпына келуі алғашқы ұйқысыз тәуліктен кейін-ақ байқалған. Осылайша, америкалық ғалымдар депрессияны ұйқысыздықпен емдеу әдісіне кірісіп кетті.

А. Оралқызы