Қатерлі ісікке шалдығу мүмкіндігі жоғары әйел бітімі

Қатерлі ісікке шалдығу мүмкіндігі жоғары әйел бітімі
Фото: misseva.ru

Жаңа зерттеуге сүйенсек, дене бітімі алмаға ұқсайтын әйелдерде сүт безі ісігінің асқынған түріне шалдығу қатері жоғары. Ал керісінше, денедегі майдың көп бөлігі мықыны мен бөксесінде орналасқандар бұл аурудың емделетін түрлеріне бейім көрінеді.

Ғалымдар семіздіктің салдары, әсіресе, сүт безі қатерлі ісігі туралы көптен ескертіп келеді. Қытай ғалымдары семіздік пен қатерлі ісіктің өзара байланысына қатысты терең зерттеу жүргізген.

Сөйтсек, дене салмағының индексі жоғары әйелдерде эстроген-рецепторлы сүт безі ісігі жиі кездесетінге ұқсайды. Атауы-ақ айтып тұрғандай, аурудың пайда болуына ісік клеткаларының ақуызына қосылып, олардың өсуіне септесетін эстроген әсер етеді.

Ал майдың дені бөксе бөлігінде орналасқан, яғни дене бітімі «алмұртқа» келетін әйелдер теріс эстроген-рецепторға ие. Оларда қатерлі ісік гормондармен емделмейді, ал терапия химиятерапия көмегімен стандартты жолмен өтеді.

Зерттеушілер эстроген тері асты майында болады деген қорытынды жасап отыр, сондықтан олар дәрігерлерге гормонды дәрі-дәрмек жазып бермес бұрын, науқастың дене бітіме назар аударуға кеңес береді.

Ғалымдардың жаңа зерттеуі The Oncologist журналында жарияланған.

Дереккөз: baq.kz

Т. Есқали