Бүгін халықаралық көз жанарының күні

Бүгін халықаралық көз жанарының күні

Халықаралық көз жанарының күні (World Sight Day) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен қазан айының екінші сейсенбісінде тойланады. Бұл мереке күнтізбеде зағиптықтан, көз жанарынан айрылудан сақтану мен оны емдеу негізінде белгіленген болатын. Халықаралық көз жанарының күнінде осы проблемаларға қатысты түрлі іс-шаралар өтеді. Сонымен қатар бұл күн «Көріну 2020: көзге еркіндік» деген халықаралақ зағиптықтан сақтандыру агенттігінің де негізгі мерекесі болып есептеледі. Зағиптық – көру мүшесі қызметінің жұмыс жасамауы. Түрлі созылмалы көз ауруларына және созылмалы зағиптық немесе туа біткен зағиптық аурулардың әлемде саны көп. Халықаралақ агенттіктің мәліметтеріне сүйенетін болсақ, шамамен 284 миллион адам көз ауруы проблемасына шалдықса, олардың 39 миллионға жуығы мүлде көз жанарысыз қалған. Көз ауруна 19 миллионға жуық бала зардап шегіп келеді. 80 %-ға жуық зағип жандар қазіргі заманғы емдеу шараларынан бастарын ала қашады. Халықаралық көз жанары күнінің шеңберінде көз ауруларын емдеуге қатысты шаралар мен нұсқаулықтар өткізіледі. Кей мемлекеттерде осы күні көз ауруларына шалдыққан жандар офтальмолог мамандарға қаралады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: holiday.onru.ru

А. Әбілхан