Медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден алда тұрған аймақтар

Медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден алда тұрған аймақтар
Фото: fms.kz, egemen.kz

Медициналық сақтандыру қорының ресми сайты 2017 жылдың 24 тамызын қоса алғанда, Қорға түскен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарының жалпы сомасы 4,6 млрд теңгеден асқанын хабарлады. Аймақтар бойынша Алматы қаласы алда келеді.

Осы айдың басынан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ҚР Ұлттық банкіндегі шотына 3,8 млрд теңгеден астам қаржы түскен. Түскен түсімдердің 78 % жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 22 % - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде жұмыс істейтін тұлғалардың жарнасы.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы қаласы, Астана қаласы және Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр. Осыған дейін жиналған қаржы көлемі пайыздық көрсеткішпен төмендегі статистикалық кестеде көрсетілген. 

О. Сансызбай