Балаңыз күнге күйгенде не істеуге болады?

Балаңыз күнге күйгенде не істеуге болады?
Фото: google.kz

Күнге күю тәртібін дұрыс сақтамаудан дененің күнге күйіп кетуі, ағзаның шектен тыс қызуы және оған күн өтуі мүмкін. Ондай жағдайда не істеуге болады?

Тері күюінің белгілері:

- алғашқыда күн түскен жерлер қызарып, ісінеді, кейде қалтыратып тоңдырады;

- дене ыстығы көтеріледі;

- бас ауырады;

- жүрек айниды.

Алдымен баланы тыныштандырыңыз, содан соң салқын компресс жасап ауырсынуын жеңілдетуіңізге болады. Оларды дайындау үшін түймедақ тұнбасы немесе қырмызы гүлі және алоэ шырыны болады. Егер дәрі қобдишаңызда хлоргексидин немесе мирамистин сынды антисептиктер болса соларды қолдануға болады. Бірақ, мүлдем спирт қолданбаңыз!

Жасына сәйкес дозада парацетамол немесе нурофен дәрігер келгенше жақсы көмектеседі.

Көбірек минералды су ішкені абзал (газссыз).

Үй жағдайында емдеуге қызықпаған жөн. Өсімдік майы негізіндегі, спирт тұнбалары теріге зиянын тигізеді.

Күнге күйген жерге қолданатын дәрілерді дәрігердің өзі белгілейді. Сондықтан, міндетті түрде дәрігерге тексерілген жөн. Көп жағдайда олар антигистаминді ұсынады, олар ісінуді және қышуды азайтады.

Қандай жағдайларда жедел жәрдемнің көмегі қажет?

- Басынан ыстық немесе күн өтудің белгілері бар болса: баланың дене қызуы көтерілсе, құсу, бас аурулары, есінен танып қалған жағдайда. Жедел жәрдем шақырыңыз.

- Бала әлі бір жасқа толмаса. Баланың жағдайын бағалау мүмкін емес, оны дәрігердің қарағаны жөн.

Күнге күюдің алдын алу шаралары

Серуендеуді таңертең немесе кешке жоспарлаңыз, ал түсте жабық жерде демалғаныңыз дұрыс.

Аяқ-қолды жауып тұратын мақтадан жасалған ыңғайлы киім, күннен қорғайтын очки, шорты мен футболкаға қарағанда жақсы.

Балаларды ультракүлгін сәуледен қорғайтын қол жетімді кремдер бар, оларды жағажайда ғана емес әншейінде қолдануға болады. Балаңызға 2 жастан бастап крем таңдай аласыз.

Күн сәулесі балаңызға ауырсыну әсерін емес, денсаулық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйласын.

Дереккөз: anabol.kz

Ө. Сансызбай