Саусақтарыңызды жиі қытырлатасыз ба?

Саусақтарыңызды жиі қытырлатасыз ба?
Фото: https://flytothesky.ru

Саусақтарыңыздың буынын жиі қытырлату өмірге зиян емес. Ал, естілетін сүйектің емес, буын арасындағы газ көпірiшіктерінің дыбысы.

Бастапқыда қызық үшін бастап, кейін әдетке еніп кеткен бұл қылығыңыз кейбір адамдардың жүйкесіне тиері анық. Сонымен қатар, оның денсаулыққа зиян екені туралы әңгімені де жиі еститін боларсыз. Бұл шешімдеріңіздің жалған екенін зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр.

Психолог Клодия Хэммондтың ойынша, бұл жай ғана саусаққа жасалған жаттығу жұмыстары.

Ең қызығы мұны жасап отырып адамдар рахаттана алады. Өзінің шаршағанын ұмытып, жаңа энергия көзін ашқандай болады. Әдетке айналатыны соншалық, кез келген іске кіріспес бұрын өз еркінен тыс саусақтарын қытырлата бастайды.

Кейбір адамдар үшін бұл – қобалжудан арылтатын әдіс. Сонымен қатар, зерттеу нәтижесінде, мұны әйел адамдарға қарағанда ер адамдар жиі жасайды екен.

Жаттығу нәтижесінде шығатын шулы дыбыс – бұл жиналып қалған газ көпіршіктері.

Сіз бір қытырлатқан жерді дәл сол уақытта қытырлату мүмкін емес екенін аңғарған боларсыз. Арада аз дегенде 15 минут өткенде ғана қайтадан шуды ести аласыз.

Сондықтан, сізге бұл дерт деп уайымдаудың керегі жоқ. Саусағыңызды қытырлатып, бір рахаттанып алыңыз. 

Т. Есқали